Home >> Көкейтесті >> Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініштерді ҚАБЫЛДАУ басталды
Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініштерді ҚАБЫЛДАУ басталды

10 наурыздан бастап республиканың жоғары оқу орындарына түсу нысанының бір түрі Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысуға өтініштер қабылдау науқаны басталды.

ҰБТ-ға қатысатындар (ерікті түрде):

  • осы жылғы мектеп бітірушілер;

  • қазақ және орыс тілдерінде оқытпайтын жалпы білім беретін мектеп бітірушілер;

  • республикалық музыкалық мектеп – интернаттарының бітірушілері;

  • жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының, орындаушылардың республикалық және халықаралық конкурстарының және спорттық жарыстардың соңғы үш жылдағы жеңімпаздар;

  • жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы Президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздары;

  • АҚ «Назарбаев зияткерлік мектебі» бітірушілері;

  • халықаралық мектеп бітірушілер.

Талапкерлерден өтініш білім алып жатқан білім беру мекемесінде толтырылады.

Өтініш беруге қажетті құжаттар:

  • жеке басын куәландыратын құжат;

  • 2 фотосурет (3х4 өлшемді).

Өтініштер деректер базасына енгізілгеннен кейін талапкерге берілетін құжаттар:

  • мектеп бітірушінің тіркелгендігі жөнінде анықтама;

  • тестілеуге кіруге рұқсаттама.

Тіркеу анықтамасынан талапкер тегі, аты, әкесінің атының дұрыс жазылуын тексеруі қажет.  Бұл мәліметтер сертификатқа және білім беру грантының куәлігіне жазылады.

ҰБТ-ға өтініш қабылдау 10 наурыз бен 10 мамыр аралығында жүргізіледі. 

http://www.testcenter.kz

the author

Абай атамыздың сөзімен айтсақ: «білімдіден шыққан сөз, талаптығы болсын кез». Біз ортаға дәнекер бола алсақ – мақсатымыздың орындалғаны. Қадірлі оқырман сайт алаңында білім саласына байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз. Ұлт болашағына айтар ойларыңыз болса мархаббат.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

  • Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз. E-mail: kazbilim@gmail.com
  • ZERO.KZ HotLog
Top