Home >> Мектеп,Үздік >> Астананың ең үздік он мектебі.
Астананың ең үздік он мектебі.

Астана қаласының білім басқармасы «ҚазАқпарат» тілшісіне елордадағы ең үздік мектептердің тізімін жария етті. 

Ведомствоның хабарлауынша, Астанадағы мектептердің рейтингі жыл сайын «Ең үздік орта білім беру ұйымы» және «Ең үздік инновациялық мектеп» байқаулары кезінде анықталады. Олардың қорытындысы бойынша қала әкімінің гранты табысталады.

«Астана дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы жыл сайын оқушылардың барлық деңгейдегі олимпиадаларда, ғылыми және зияткерлік жарыстардағы нәтижелеріне қатысты рейтингтік зерттеу жасап отырады.

«Астана дарыны» өткізетін рейтингтік зерттеулердің нәтижелерін тіркеу арқылы жұмыстағы олқылықтар мен кемшін тұстарды дер уақытында анықтап, оның алдын алуға, білім беру жүйесінің және жекелеген білім ұйымдарының даму болашағын болжауға, дарынды балаларды анықтауға, оларды қолдап, ары қарай дамытуға және елордалық білім беру саласының зияткер элитасын қалыптастыруға мүмкіндік береді», – деп есептейді білім басқармасы.

2015-2016 оқу жылында Астана қаласының 94 мектебі атынан аудандық, қалалық, республикалық, халықаралық олимпиадаларда, ғылыми және зияткерлік жарыстарға («Ғасырдан ғасырға», «Елордалық білім беру ұйымдарының көшбасшысы», «Полиглот», «Жұлдызды жол» және тағы басқа) қатысқан оқушылардың нәтижелері бойынша рейтингтік зерттеулер жүргізілді.

Астанада 94 мектебінің ішінде 15 мектеп ең үздік нәтижелер көрсетті: №3 мектеп-гимназиясы (Е.В. Шеверняева), №66 мектеп-лицейі (А.Е. Шаяхметова), №70 мектеп-лицейі (М. К. Қазиева), №60 мектеп-лицейі (А.Ж. Дүйсенова), №71 мектеп-лицейі (Ш.А. Әубәкірова), дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебі (А.С. Сексенова), №48 мектеп-лицейі (З.Ж.Садықова), №50 мектеп-лицейі (Р.А. Болатаева), №73 мектеп-лицейі (Қ.А. Байтажықова), №54мектеп-лицейі (Г.К. Әмрина), дарынды балаларға арналған №82 «Дарын» мектебі (Ж.Б. Қасымбек), №64 мектеп-лицейі (Р.А. Бұламбаева), А. Құрманов атындағы №17 мектеп-гимназиясы (Р.Ф.Өміррбаева), №40 орта мектебі (Е.И. Іргебай) және №6 гимназия (Т.К. Крылова).

Дерек көзі: ҚазАқпарат. 

the author

Абай атамыздың сөзімен айтсақ: «білімдіден шыққан сөз, талаптығы болсын кез». Біз ортаға дәнекер бола алсақ – мақсатымыздың орындалғаны. Қадірлі оқырман сайт алаңында білім саласына байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз. Ұлт болашағына айтар ойларыңыз болса мархаббат.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

  • Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз. E-mail: kazbilim@gmail.com
  • ZERO.KZ HotLog
Top