Home >> Ұстаз үні >> Мұрат Әбенов. Ұстаздарды газетке мәжбүрлеп жаздыртуды тоқтату керек.
Мұрат Әбенов. Ұстаздарды газетке мәжбүрлеп жаздыртуды тоқтату керек.

Мектепте ата-анадан ақша жинайды деп сын айтамыз. Ол әрине орынды. Бірақ мүғалімдердің дәл сондай құқығы бұзылып жатқанда қоғам үндемей қалғаны дұрыс емес. Өзгеріс жасайтын уақыт келді.

Муғалімдермен барлық өңірлерде кездесу кезінде ең көп еститін сұрағым: мектептерде баспасөзге ерікті-еріксіз жаздыру қашан тоқтайды? Əрине бұл сұрақтың жауабы қиын жəне терең зерттеп білуді қажет етеді. Себебі, Білім министрлігі бұған қатысы жоқ, ал баспасөз басшылары ондай бұйрық беруге құзіретті емес.
Онсызда айлығы көп емес мұғалімнен жазылу кезінде əрқайсысынан 10 мың теңгеден жоғары суммаға амал жоқ жаздырады. Жазылмайын десе директор ұрсады. Ал директорға ұрсатын кім? Әрине бұл соңғы кезде пайда болған үрдіс емес. Бұрыннан бар. Бірақ заман өзгерді, технология өзгерді, заң өзгерді. Үш тілдік, электронды оқыту, жаңа мазмұн, белсенді ата-аналар, талабы мол оқушылар… Бұндай жағдайда жұмыс жасау оңай емес ….
Ұстаздардың жауапкершіліктері артып, оларға қойылатын талап күшейсе де жалақысы өскен жоқ. Ал сол онсыз да ал мөлшердегі ақшаға қоғамның қол сұққаны қаншалықты дұрыс? Жеме жемге келгенде бұл заңсыз әрекет. Газет шығарып тарату – тек ақша емес бұл идеология құралы деп айтамыз. Бірақ сол идеология тек ұстаздардың арасында жүргізү керек пе? Қанша кездестім сол муғалімнен артық мемлекеттің саясатын қолдаушыларды көп көрмедім. Қалғандар алдымен соларға жетіп алсын. Ал дәл сол ұстаздарға ақпарат тарату қажет болса мектептің кітапханасына бір екі данасы бар. Кезекпен оқуды ұйымдастырайық. Үнемдеген ақшасына балаларына тамақ алсын. Қоғамға ұстаздар газет оқығаны керек болса бюджет арқылы тегін таратайық.
Тағы да бір ескеретін жағдай – бұрынға қарағанда казір интернет бар емес пе. Барлық ұстаздарда үйінде ғаламторға қосылған компьютер бар деп ойлаймын, онсыз сабаққа дайындалу қиындау. Оған ай сайын ақша төлейді, сол жерде қажетті ақпаратты тауып алады. Газеттердің сайты бар. Қосымша ақшаға сатып алу қажеттігі жоқ?
Газет шықаннан кейін ауылға 3-4 куннен кейін жиналып бір ақкеледі. Ол кезде бүкіл жаңалық ескеріп кетеді. Теледидардан, интернеттен барлығы танысып қояды. Сонда не үшін ақшасын төлейді? Көп ұстаздардың үйлерінде баспаханадан қалай шықты, сол күйінше, ашылмай , оқылмай «пачкасімен» тау болып жатқан газеттерді көремін. Әрине босқа қалмайды – тіршілігіне әйтеуір жаратады.
Ал менің ойымша газет казір тек идеология , саясат құралы емес – бұл ақпараттық бизнестің бір түрі. Жазылу науқаны бәсекелестіктің көрсеткіші. Мықты газеттерді іздеп жүріп алады. Ал егер өнім сапасыз болса – алғысы келмейді. Онда «алсаңда аласың, алмасаңда аласың» деп мәжбүрлегенше, газеттердің сапасын дұрыстауға әрекет жасайық. Ең мықты журналистерді тартып , ең қызықты пайдалы мақалалар жаздырайық. Педагогтардың жақсы жаманды таңдауға білімі жетеді. Өздері қызығып алып оқиды.
Ал бизнестің біреуіне газет сатуына көмектесіп біреуне көмектеспеу – бұл сыбайластық жемқорлықтың белгісі. Бір де бір мүғалім прокуратураға арыз жазса жауапкершілігі ауыр.
Оны да ойлану керек. «Иделогияны қолдаймын» деп жүріп мемлекеттің сыбайластық жемқорлықты болдырмау, азаматтардың құқығын қорғау идеологиясына қарсы әрекет болып табылмасын.
Бұл мəселеде қалалық жəне ауылдық жерде жазылу өзгешелігі бар. Яғни, қала мұғалімі жазылуда еркіндеу. көбісі қалаған баспасөзіне өзі жазылады. Ал ауылда еріксіз жаздыру көбірек. Осы мəселені зерттеп бүкіл қоғам болып мұғалімдерімізге көмектесетін бір нақты шешімін табатын уақыты келді.
Бас прокуратура, жергілікті әкәмшілік , қоғамдық ұйымдар осы мәселе бойынша тез арада шара қабылдау керек.

the author

Абай атамыздың сөзімен айтсақ: «білімдіден шыққан сөз, талаптығы болсын кез». Біз ортаға дәнекер бола алсақ – мақсатымыздың орындалғаны.
Қадірлі оқырман сайт алаңында білім саласына байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз. Ұлт болашағына айтар ойларыңыз болса мархаббат.

12Пікірлер

  1. Дұрыс айтылған. Ақпараттық дамыған заманда газет шығып боламын дегенше барлығы белгілі болады. Оның үстіне ауылдық жерлерге газеттер түгел бармайды. Почта қызметкерінен сұрасаң бір апта болған газетті әлі келген жоқ дейді. Оған кім жауап беретіні белгісіз. Газет науқаны басталған кезде мектепте үлкен ұрыс-керіс басталады.

  2. Шырын says:

    Подписываюсь под каждым словом.

  3. Намус says:

    Негізінде сол газеттерді жазусыз, рулон тәрізде шығарсада болар еді.

  4. Балдырған says:

    дұрыс көтерілген сұрақ.Айлықтан айлыққа əрең жетіп отырған мұғалімдердің газетке жəне басқа да ақша жинаудан,жиналыстарға,концерттерге мəжбүрлеп апаруды тоқтату керек.Бұл мұғалімдер үшін ең қажетті шешімдердің бірі.

  5. Маржан says:

    Сәлеметсіздер ме! Бұл мәселе осы айтылған күйде қалатыны қынжылтады. Мұғалімдер бұл мәселені көтере алмайды себебі жұмыссыз қалу қаупі бар. Онсыз да мұғалім аз зарплатасын жартысын айлық жинауларға береді сонымен қатар 11-15 мың аралығында мәжбүрлі түрде газетке жаздырады. Ол газетті таңдау құқы да жоқ мұғалімде қайдағы оқуға жарамсыз газеттер. Демократиямыз құрсын бұндай. Қайдағы бир бизнесмендер менпарақорлар байғ,ұс мұғалім мен дәрігерлерді қанап қалталарын қампитуды. Өтініш мына мәселені көтеріп шешіп беріңіздерші.

  6. Тимур says:

    Еки колымды котерип турып кол кояр едим. Жетеди болды шынымен

  7. Қолқоюсыз says:

    Газет шықаннан кейін ауылға 3-4 куннен кейін жиналып бір ақкеледі. Ол кезде бүкіл жаңалық ескеріп кетеді. Теледидардан, интернеттен барлығы танысып қояды. Сонда не үшін ақшасын төлейді? рас енді

  8. Мұғалім says:

    Дұрыс көтерілген мәселе. әр алты ай сайын 15 мың мен 10 мыңның аралығында газетке күштеп жаздырады. көтерілген мәселе аяқсыз қалмаса екен. онсызда қажетті құрал-жабдықтарды карта,плакат,глобус т.с.с. өз қалтамыздағы ақшаға сатып аламыз. Тіпті мектептегі кеңсе тауарына да ақша бөлінбейді деген сылтау,мектептің принтернің картириджін өзіміз заправка жасатамыз. Білмеймін сонда біз айлық аламыз ба,алмаймыз ба? Қалтамызда сонда не қалады? Одан қалды ай сайын жинайтын ақшалары бітпейді.

  9. арине токтатылу керек. Ақпараттық дамыған заман, газет шығып улгермей, барлығы белгілі болады, оган коса ауылдық жерлерге газеттер түгел бармайды.

  10. Аноним says:

    Сәлеметсіздер ме. Мен Қызылорда қаласынан боламын. Құзырлы органдар тез арада қолға алса екен. Өзім қалалық мектептердін бірінде жұмыс атқарамын. ГорОНО-дан келген тапсырма деп директор жиналыста ұрсып тұрып жаздыртады. Бір кездері кітапханашы жұмыстан шығып кете жаздаған, себебі мұғалімдер қарсы болған, сондықтан кез-келген мектепте әділетсіздік орын алып отыр бұл танда. Арнайы комиссия құрылып Республика, облыс, аудандар бойынша мектеп орындарын тексерсе екен дейміз.

  11. Аноним says:

    Сәлеметсіздер ме. Мен Қызылорда қаласынан боламын. Мұрат ағаммен толықтай келісемін. Құзырлы органдар тез арада қолға алса екен. Өзім қалалық мектептердін бірінде жұмыс атқарамын. ГорОНО-дан келген тапсырма деп директор жиналыста ұрсып тұрып жаздыртады. Бір кездері кітапханашы жұмыстан шығып кете жаздаған, себебі мұғалімдер қарсы болған, сондықтан кез-келген мектепте әділетсіздік орын алып отыр бұл танда. Арнайы комиссия құрылып Республика, облыс, аудандар бойынша мектеп орындарын тексерсе екен дейміз.

  12. Сандугаш says:

    осы дуниени окымай отырган жрк емес окып отыр , барибир гой барине мугалимдер ундемей откан оздерин кинали

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

  • Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз. E-mail: kazbilim@gmail.com
  • ZERO.KZ HotLog
Top