|  | 

Жаңалық

ҮШТІЛДІЛІК ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН МҮДДЕСІ

Еліміздің мектептерінде үштілді білім беру жүйесін енгізу жайындағы шешім қоғамда қызу талқыға түсті. Аталған мәселеге қатысты ұстаздар қауымы, ата-аналар мен жас өспірімдер алаңдаушылық білдіруде. Ол түсінікті де, өйткені бұл жоба іске асатын болса ұзақ мерзімде жалпы мемлекеттік сипат алмақ. Отандық сарапшылар сырт көзге игі болып көрінген бастама түбі қазақ тілінің тұншығуына әкелуі мүмкін деп дабыл қағуда. Оның салдары тұтастай ел үшін, әсіресе өсіп келе жатқан ұрпақ үшін зор келеңсіздіктерге әкелуі ықтимал.

Жағдай шын мәнісінде түйткілді ме? Шенділердің бұл бастамасының астарында не жатыр? Орта білім беру жүйесінің кезекті реформасы қандай нәтиже беруі мүмкін? Мемлкеттік тілді оқыту мен қатар шет тілдерін қоса меңгеру турғысында әлемдік тәжірибе не дейді? Ұлтқұраушы осындай маңызды істе таразы басын теңестіру мақсатында не істеу керек?

Көтеріліп отырған мәселелерді пысықтап талдау үшін IQ – Intellectual Qazaqstan студиясы сараптамалық жиын өткізді. Оған Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Асқар Жұмаділдаев, Республикалық «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы Дос Көшім және танымал қоғамдық қайраткер әрі публицист Әміржан Қосанов мырзалар қатысты.

exclusive.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Республикалық “QAZBILIM” олимпиадасы өтеді

    Республикалық “QAZBILIM” олимпиадасы өтеді

    Нәтижесінде 60 оқушыға жылдық “QAZBILIM” гранты беріледі.  Білім – таза бизнеске айналмауы керек, бұл – біздің орталықтың басты ұстанымы. Қазбілім – қазақ баласына мүмкіндік сыйлауы керек, бұл – Қазбілім ұжымының басты мақсаты. Осы мақсатта үш жылдан бері QAZBILIM жылдық грантын беріп келеміз. Ол мектепте жақсы оқитын, бірақ отбасы жағдайы ақылы дайындықты көтермейтін балаларға мүмкіндік сыйлау

  • 15 мың мұғалім төленбей келген 176 млн теңге үстемеақыларын алды

    15 мың мұғалім төленбей келген 176 млн теңге үстемеақыларын алды

    Еліміздің прокуратура органдарының қадағалау актісі бойынша педагогтарға 176 млн  теңгеден астам төленбеген үстемеақы төленді. Бұл жайында ҚР Бас прокуратурасынан мәлім болды «Прокуратура органдары жалпы білім беретін мекемелер қызметкерлерінің еңбек құқықтарының сақталуын талдау барысында еліміз бойынша 15 305 педагогқа 2016-2018 жылдардағы оқу кезеңінде инклюзивті білім беру аясында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалармен жұмыс істегені үшін

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog