Home >> Керекті кеңес >> Астанада білім саласының қызметкерлеріне арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Астанада білім саласының қызметкерлеріне арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

11 тамызда елордада өтетін кезекті тоғызыншы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі білім саласына арналмақ. Жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер «Жастар» сарайында бас қосады, — деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.  

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне мектепке дейінгі ұйымдар, балабақшалар, мектептер мен колледждердің өкілдері қатысады.

Астана қаласы Жұмыспен қамту орталығының мамандары тамыз айында білім саласындағы кадрлар қажеттілігі артатындықтан шара барысында педагогтарға басымдық берілетінін атап өтті.

Астаналықтар сағат 10.00-13.00 аралығында жұмыс берушілермен танысып, сұхбаттасып, өз түйіндемелерін қалдыра алады.

Айта кетейік, Жұмыспен қамту орталығы жыл соңына дейін 12 бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастыруды жоспарлап отыр. 

the author

Абай атамыздың сөзімен айтсақ: «білімдіден шыққан сөз, талаптығы болсын кез». Біз ортаға дәнекер бола алсақ – мақсатымыздың орындалғаны. Қадірлі оқырман сайт алаңында білім саласына байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз. Ұлт болашағына айтар ойларыңыз болса мархаббат.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

  • Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз. E-mail: kazbilim@gmail.com
  • ZERO.KZ HotLog
Top