|  |  | 

Үздік Ұстаз

Павлодарлық айтыскер ақынның математика пәніне арналған оқулығы Астанада үлкен сұранысқа ие болуда…

Павлодарлық жас ғалым Серікболсын Дүйсембай Назарбаев Зияткерлік мектептері мен қазақ-түрік лицейлеріне түсушілерге арналған тест тапсырмалары мен логикалық есептер жинағын жарыққа шығарды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.
Серікболсын Дүйсембай бүгінде Астана қаласындағы Н. Назарбаев университетінің электроника және электротехникалық инжерения факультетінің 4-курс студенті.    

rs95SMVOZms.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c416140– Бұл кітап 360 беттен тұрады. Мұнда екі мыңға тарта мәтіндік және логикалық есептер бар. Сондай-ақ оқулықта кеңістікте ойлау қабілетін арттыратын есептер де орын алған. Әзірге жүз данасы жарық көрді. Баспаға жұмсалған қаражатты өзім көтердім. Елордада оқулыққа деген сұраныс күн санап артуда. Сондықтан алдағы уақытта бұл кітапты бірнеше есеге арттыру ойда бар, – дейді С. Дүйсембай.
Автордың айтуынша, қазақ тілінде ғана жарық көрген оқулық қазіргі таңда орыс тіліне аударылып, көп ұзамай екі тілдегі нұсқасы ұсынылмақ.

Серікболсынның төртінші жыл қатарынан математика және ағылшын тілі пәндері бойынша дайындап жүрген шәкірттерінің 90 пайызы қалаған оқу орындарының студенттері атануда.

Айта кетерлігі, Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының түлегі Серікболсын Дүйсембай – Үндістанда өткен халықаралық жас ғалымдар конференциясының бірінші орын иегері, республикалық олимпиадалардың жеңімпазы, Болгарияда өткен халықаралық студенттер олимпиадасының бір күміс, екі қола жүлдегері.

Сонымен қатар жас болса да айтыс өнерінде де бағын сынап жүрген ақын жігіт ХІ халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінде «Үздік әдеби шығарма» сыйлығына ие болған. Талдықорғанда өткен «Жыр алыбы – Жамбыл» атты республикалық оқушылар айтысының және Шапық Шөкиннің 100 жылдығына арналған аймақтық ақындар айтысының бас жүлдегері.

2010 жылы Серікболсынның «Туған жер, бесік дүние» атты алғашқы өлеңдер жинағы шыққан.

Абзал Қабдраш

pavlodarnews.kz

Ескерту: кітапты 8775 431 8008 нөмеріне хабарласып топ және жеке бағамен сатып алуға болады. 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Тоқаевтың қолынан мемлекеттік наградалар алған педагогтар кімдер?

    Тоқаевтың қолынан мемлекеттік наградалар алған педагогтар кімдер?

    Бүгін Тамыз конференциясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар педагогқа мемлекеттік наградалар табыстады. Бұл туралы Қазақпарат агентігі хабарлады. «Енді бүгінгі жиынның маңызды бөлігіне көшейік. Біздің арамызда еліміздің білім беру саласын дамытуға айрықша үлес қосқан мектеп мұғалімдері отыр. Өз ісін адал атқарып жүрген азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттағым келеді», – деп атап өтті Мемлекет басшысы. Осыдан кейін Қасым-Жомарт

  • Алматылық оқушы қыз халықаралық телеарнаның жүргізушісі болды

    Алматылық оқушы қыз халықаралық телеарнаның жүргізушісі болды

    Алматылық оқушы қыз Эльгиза Қаражанова «Fashion TV» халықаралық телеарнасында жүргізуші болуға шақырту алды. 12 жастағы оқушы қыз телеарнада бұрыннан танымал. Ол – «Жара» музыкалық шоуының тұрақты қатысушысы, «Ғаламшардың кішкентай аруы» титулының иегері. Мәлім болғандай, Эльгиза «Fashion TV» телеарнасында «Новая Волна» белгілі музыкалық байқауының алдағы маусымының күнделігін жүргізетін болады. «Эльгиза 4 айдан бері «KIDS ART FASHION»

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog