|  | 

Ұлт діңі

Ойландыратын 5 оқиға:

1. Ферма қожайыны тышқан аулайтын қақпан қойды. Оны байқаған тышқан көрген-білгенін тауыққа, қойға және сиырға жеткізді. Ал олар болса: «Қақпан — сенің проблемаң! Бізге оның қатысы жоқ! Өз шаруаңды өзің шеш» деп тышқанды сөйлетпей тастайды.
Кешкісін, қақпанға жылан түсіп, фермердің әйелін шағып алыпты. Күйеуі әйелі жақсарсын деп, тауық сойып, сорпа дайындап беріпті. Ал әйелдің жағдайын сұрап келген қонақтарға қой сойыпты. Жағдайы нашар әйел қайтыс болады. Ал садақа өткізуге сиырды сояды.
Осы көріністің барлығын тышқан өз інінен қарап отырыпты…
Түйін: Өзіңізге тікелей қатысы жоқ шаруаның, сізге мүлдем кесірі тимейді деп ойлау — үлкен қателік.

2. Бүркіт биік талдың басында отыр екен. Көңілі тоқ, абыройы бар бүркіттің ештеңе істемей отырғанына қызыққан қоян, бүркітке:
— Мен де сіз құсап, ештеңе істемей отырсам бола ма? — дейді.
— Әрине болады. Талдың түбіне отыра ғой, — дейді бүркіт.
Бүркіт айтқандай тал түбіне жайғасқан қоянды, түлкі жеп қойыпты.
Түйін: Ештеңе істемей дем алу үшін — ұзақ еңбек жасап, абыройлы болу керек! Сонда ғана, түлкі сындылардың тісі батпайтын болады…

3. Фермада жылқы ауырып қалыпты.
Ветеринар:
— Жылқыға дәрі ектім. Егер таңертең оянбай қалса, өлді деп есептей беріңіз, — деп фермерге айтып кетіпті.
Таң атты. Жылқы оянған жоқ. Қасында жатқан қой:
— Досым тұрсаңшы! Әйтпесе, сен өлесің, — деп жылқыны оятып алыпты.
Фермер:
— Міне керемет! Мен өте қуаныштымын! Бұл жағдайды атап өту керек, — деп қойды сойыпты.
Түйін: Өзіңізге қатысы жоқ іске — ешқашан араласпаңыз. Бірақ, қақпан туралы әңгімені де ұмытпағаныңыз жөн!

4. Жұмыс істеп жатқан үш жігітті көрдім. Бірі тас шауып жатыр, екіншісі нұсқау беріп жатыр, ал үшіншісі жай қарап тұр екен. Оларға:
— Не істеп жатырсыңдар? — дегенімде, бірі:
— Қиналып, жұмыс істеп жатырмын, — деді.
— Мен жұмыс жасатып, ақша тауып жатырмын, — деді екіншісі. Ал үшіншісі:
— Ал мен — Зәулім сарай салғызып жатырмын, — деді.
Түйін: Арманы жоқ адамды — арманы бар адам басқарады.

5. Такси жүргізушісі танымал миллионерді мінгізіпті. Үйіне жеткен миллионер, таксиге 500 теңге ғана береді.
Таксист:
— Мен кеше сіздің ұлыңызды осы үйге әкелдім. Ол маған 2000 теңге артық берді де, қажетіңе жарат деп қуантқан еді.
— Мен ол сияқты артық ақша жұмсамаймын! Себебі, оның әкесі — миллионер болса, мен — жетіммін.
Түйін: Маңдай термен тапқан табысын, ешкім артық жұмсамайды.

Дерек көзі белгісіз.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуінің толық мәтіні

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуінің толық мәтіні

    Қымбатты Отандастар! Бүгін елімізге және әрқайсымызға қатысты аса маңызды Үндеу жариялап отырмын. Еліміздің Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешім қабылдадым. Мен бұл жауапты шешім бойынша Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен ақылдастым. Парламенттің қос палата спикерімен, Премьер-Министрмен кеңестім. Конституциялық Кеңестің келісіміне жүгіндім. Парламенттегі партия жетекшілерімен кездестім. Кезектен тыс сайлау туралы шешім қабылдау – өте

  • Нұрсұлтан Назарбаев: Бәріміз Қазақстанның игілігі үшін жұмыс істеуге тиіспіз

    Нұрсұлтан Назарбаев: Бәріміз Қазақстанның игілігі үшін жұмыс істеуге тиіспіз

    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының төрағалығымен кеңес өтті, деп ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі хабарлады. Жиынға ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің басшысы М.Қасымбеков, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының көмекшісі А.Бисембаев, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің, сондай-ақ Тұңғыш Президент Қоры мен кітапханасының құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері қатысты. Жиын барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog