|  | 

Білім жарысы

А.Сәрінжіпов Президенттік олимпиада жеңімпаздарымен кездесті.

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойныша Президент олимпиадасында бірінші орын алған оқушылармен кездесті, – деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Оқуда озат өздерің сияқты оқушылармен Тұңғыш Презиент күні қарсаңында кездесіп отырғанымыз қуантады. Сендер инемен құдық қазғандай білім алып, бүгін сол білімнің бір нәтижесін көріп отырсыңдар. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жастарға ерекше үміт артатынын жақсы білесіңдер. Бүгінгі жеңістерің – үлкен жетістіктеріңнің бір сатысы болсын», – деді оқушыларға диплом мен сыйлықтар табыс ете отырып министр А.Сәрінжіпов.

Жалпы, министрмен кездесуге еліміздің өңір-өңірінен 50 үздік оқушы жиналған. Олардың бірі – Алматы қаласындағы №165 мектептің 11-сынып оқушысы Михаил.

«Расын айтсам, осы жарысқа қатысуға уақыт тығыздау болды. Дегенмен, бос уақытымның барлығында олимпиадаға дайындалдым. Президенттік олимпиада өте жоғары деңгейде өтті, яғни, тапсырмалары ауыр болды. Сондықтан, екі мыңнан аса оқушы арасында математика пәні бойынша екінші орын алғаным және жалпы, осы екі мың оқушының арасынан 41 бала жүлделі орынға жеткенін жақсы нәтиже деп санаймын.  Болашақта бұл жүлдем Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында білім алуға септігін тигізеді», – дейді ол. Михаилдің арманы – еліміздің энергетикалық әлеуетін арттыруға күш салу. «Қазақстан баламалы энергия көздерін дамытуда зор болашаққа ие. Менің арманым – энергетика саласында қызмет ету», – дейді олимпиада жүлдегері.

Жалпы, Олимпиада үш кезең бойынша өткен. Аймақтық кезеңге ел бойынша 1024 мектептің 2040 оқушысы қатысса, екінші кезеңде 329 бала онлайн режимде тестілеуден өткен. Үшінші, қорытынды кезеңде 165 бала 2 тур бойынша математика, химия, физика және биология пәндері бойынша бар білімдерін көрсеткен.

Президенттік олимпиада – сегіз жылдан бері өтіп келе жатқан орта білім  беру саласындағы статусы биік жарыстардың бірі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Астаналық оқушылар Кореядағы интеллектуалдық олимпиадада 21 медаль жеңіп алды

    Астаналық оқушылар Кореядағы интеллектуалдық олимпиадада 21 медаль жеңіп алды

    Астана мектептерінің оқушылары Кореяда өткен интеллектуалдық олимпиадада барлық 21 медаль жеңіп алды. Тэджон қаласында өткен халықаралық олимпиадаға елорданың әртүрлі мектептерінен 21 оқушы қатысты. Олар математика, биология, химия, экономика пәндері бойынша өз жұмыстарын таныстырды. «Барлық оқушылар жұмыстарын ағылшын тілінде таныстырды. Біздің талантты балаларымыз осымен бесінші жыл Тэджон қаласында өнер көрсетуде», – деді «Астана Дарыны» ғылыми-практикалық орталығының

  • Түркістандық 9 оқушы халықаралық жарыста жүлде еншіледі

    Түркістандық 9 оқушы халықаралық жарыста жүлде еншіледі

    Алматы қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Өмірбек Жолдасбеков атындағы ІХ халықаралық математика және механикадан ғылыми-зерттеу сайысы өтті. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. Дәстүрге айналған байқау атақты ғалым, көрнекті қоғам қайраткері Ө. Жолдасбековтің ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Байқауға Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан және Қазақстанның барлық аймақтарынан  200- ге жуық мектеп оқушылары қатысты. Байқаудың мақсаты

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog