Home Керекті кеңес 2015-ҰБТ, 3 күннің қортындысы

2015-ҰБТ, 3 күннің қортындысы

0
2015-ҰБТ, 3 күннің қортындысы

Бүгінгі күнге дейін ұлттық бірыңғай тестілеудің 3 күні өткізілді.

2 және 4 маусым күндері тестілеуге 56318 бітіруші қатысты, соның ішінде қазақ тілінде – 39806, орыс тілінде – 16512бітіруші.

Тестілеудің екі күнінде мүмкін болған 125 балды 4 бітіруші жинады:

  • Ердосова Гүлнәз Жандосқызы, «Қазақ классикалық Б.Момышұлы атындағы №45 гимназия», тестілеуді М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің базасындағы ҰБТӨП-те (Тараз қаласы) тапсырған;
  • Мұстафина Риана Еркінқызы, «№59 мектеп-лицей ММ-і», тестілеуді Қазақ гуманитарлық заң университетінің базасындағы ҰБТӨП-те (Астана қаласы) тапсырған;
  • Абдазимова Лаура, «Түлкібас ауданының үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты», тестілеуді Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің базасындағы ҰБТӨП-те (Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы) тапсырған;
  • Самат Сымбат Қуанышқызы, «Лингвистикалық “Үміт” гимназиясы», тестілеуді Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің базасындағы ҰБТӨП-те (Орал қаласы) тапсырған.

Үшінші күні тестілеу 62 ҰБТӨП-тің базасында өткізілді.

Тестілеудің бірінші күнінің нәтижесінде тыйым салынған заттарды қолданған және аудиторияда тәртіп бұзған үшін 42 бітіруші тестілеуден шығарылды, оның ішінде:

– тестілеуге кіргізу барысында бөтен тұлға ұсталған – 3 бітіруші;

– тестілеу өткізу барысында бөтен тұлға ұсталған – 19 бітіруші;

– ұялы байланыс телефондарын пайдаланған – 17 бітіруші;

– тестілеуге берілген уақыт аяқталған кезде емтихан материалдарын тапсырудан бас тартқан – 1 бітіруші;

– емтихан материалдарын бүлдірген – 1 бітіруші;

– рацияны қолданған – 1 бітіруші.

Келесі кестеде ҰБТ-ның қысқаша нәтижелері тестілеу күндері бойынша келтірілген:

Уақыты

Өтініш саны

ҰБТ-ға қатысты

50-балдан төмен алғандар

Бес пән бойынша 100-ден жоғары

Тестілеудің бір пәні бойынша қанағаттанарлықсыз баға алғандар

бар

лығы

қазақ

ша

орыс

ша

бар

лығы

қазақ

ша

орыс

ша

бар

лығы

қазақ

ша

орыс

ша

бар

лығы

қазақ

ша

орыс

ша

1

02.06

19743

14040

5703

18889

13547

5342

3470

2304

1166

3411

2473

938

889

2

03.06

19326

13528

5798

18177

13045

5132

2887

2051

836

3214

2237

977

643

3

04.06

20126

13629

6497

19252

13214

6038

3992

2668

1324

3154

2240

914

924

 

БАРЛЫҒЫ

59195

41197

17998

56318

39806

16512

10349

7023

3326

9779

6950

2829

2456

 

%

100

69,6

30,4

95,1

70,7

29,3

18,4

67,9

32,1

17,4

71,1

28,9

 

 

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here