|  | 

Ұлт діңі

Шығармашылық бәйге қатысушыларының назарына:

Құрметті оқушылар һәм дарыны мен қарымы мықты шәкірт тәрбиелеп жатқан ұстаздар!
Бүгінде әлемге танымал Тәуелсіз Қазақстан тарихы талай ғасырларға табан тірейтіні анық. Бастауын сонау мыңжылдықтар қойнауынан, Көк түріктер қағанаты мен Алтын Ордадан алатын Керей-Жәнібек хандар құрған Қазақ хандығының 550 жылдығы мемлекеттігіміз жылнамасындағы маңызы зор мерейлі мереке екені айқын.
Бұл айтулы аймаңдай жылнаманы айрықша биік мемлекеттік деңгейде жалпы ұлттық мерекеге айналдыру барша Қазақ азаматының қасиетті борыштарының бірі. Біз, Қазбілім (kazbilim.kz) порталы, айтулы күнге орай барша қазақстандық оқушылар арасында шығармашылық бәйге жарияған еді.
Шығармашылық бәйгенің мақсаты – жас ұрпақты патриоттық-тағылымдық тәрбиеге баулитын, Елбасымыз ұсынған “Мәңгілік ел” ұлттық идеясынан туындайтын, Қазақ елінің кешесі, бүгінгі һәм ертеңгі келбеті оқушы көзімен суреттеліп, еліміз тарихындағы ерен еңбегі сіңген тұлғалар туралы бүгінгі өскелең ұрпақтың көз қарасын көрсету. Елдің ертеңіне елеулі еңбек етер патриот, зияткер ұрпақ қалыптастыруға үлес қосу.
Шығармашылық бәйгеге шығарма қабылдау 18 ақпаннан басталып, 5 сәуір аралығында жалғасты. Порталымызға 30 ға жуық, әр жанырдағы, әр деңгейдегі шығармалар келіп түсті. Шығармалар тұрақты порталдың оқушы ойы бөлімінде жарияланды. Шығармашылық бәйгеге келіп түскен шығармаларды әділ қазылар алқасы қарап жатыр. Шығармашылық бәйгенің қортындысы осы аптада шығады, әрі, орын алған қатысушыларға порталдың атынан шақыру жіберіледі. Байқау нәтижесі алдын ала сайтта жарияланады. Марапаттау рәсімі 16 сәуір күні Астана қаласы №73 физика-техникалық мектебінде өтеді.
Қазылар алқасы:
Серікзат Дүйсенғазин. Айтыскер ақын. Танымал ән сөздерінің авторы.
Қалқаман Сарин. Ақын. тарих ғылымдарының кандидаты. Теле жүргізуші. Танымал ән сөздерінің авторы.
Жақсылық Орынбасар. Айтыскер ақын, порталдың шеф радакторы.
Бейсен Ахметұлы. Журналис.
Ербол Алшынбай. Ақын. Астана радиосының жүргізушісі.

Бас жүлде – біреу
Бірінші орын – біреу
Екінші орын – екеу
Үшінші орын – үшеу
Ынталандыру – үшеу
Шығармашылық бәйгеден іріктелген шығармалар жеке кітап болып шығады.

Ескерту: Өзге облыстардан Астанаға марапаттауға келе алмаған жүлделі оқушылардың жүлдесі почта арқылы мектебіне жіберіледі.

Қосымша сұрақтар болса 8702-931-8008, телефондарына қабарласуларыңызға болады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Елбасы Қазақстан жастарын жастық шақтарын босқа өткізбеуге шақырды

    Елбасы Қазақстан жастарын жастық шақтарын босқа өткізбеуге шақырды

    Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан жастарын жастық шақтарын босқа өткізбеуге шақырды. Фейсбукте тараған мұрағаттық видеороликті ҚР Президентінің телерадиокешені жариялады. Мемлекет басшысы адамдар өзінің өмірлік мол тәжірибесін ескере отырып, өсіп келе жатқан жас буынға кеңес берді. Елбасының айтуынша, Қазақстанның жастары үшін барлық «есік те, жол да» ашық. Жастар бүкіл әлемдегі қатарластарыммен араласып, білім алуда, қалаған жерінде өмір

  • Нұрсұлтан Назарбаев: Ұлы даланың жеті қыры

    Нұрсұлтан Назарбаев: Ұлы даланың жеті қыры

    Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады. Бұл – жай ғана әдемі афоризм емес. Шын мәнінде, немістердің, италиялықтардың немесе үнді халықтарының жылнамасына көз жүгіртсек, олардың мыңдаған жылды қамтитын төл тарихындағы ұлы жетістіктерінің дені осы елдер қазір мекен етіп жатқан аумақтарға қатыстылығы жөнінде сұрақ

2 Comments

  1. аскар

    Қазылар алқасының құрамында бір де бір тарихшының болмағаны қызық екен….

  2. Жандархан

    Неліктен қортынды әлі жарияланбаған. Апта аяқталды емес пе! Және алыстан келетін қатысушыларға уақыт аз қалады. сондықтан тездетіп жариялауды сұраймыз.

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog