Home Редакция таңдауы Астанада 2015 жылы 14 балабақша ашылады.

Астанада 2015 жылы 14 балабақша ашылады.

0
Астанада 2015 жылы 14 балабақша ашылады.

Астанада 2015 жылы 14 балабақша ашу жоспарланып отыр, – деп хабарлайды, Астана қаласы әкімдігінің ресми сайыты.

Бүгінгі күні Астанада әр типті 181 мектепке дейінгі мекеме жұмыс жасайды. Солардың қатарында 28 мыңнан астам бала тәрбиеленетін 156 балабақша; 21 мыңнан артық тәрбиеленушісі бар 81 мемлекеттік балабақша, 389 тәрбиеленушісі бар 2 ведомстволық балабақша; балалар саны 6 мыңнан асатын 73 жеке меншікті балабақша; 3000 астам бала тәрбиеленетін 25 шағын орталық. Білім алатын балалардың жалпы саны 35 мың шамасында.

Астана қаласы Құрылыс басқармасының мәлімдеуінше, өткен жылы балаларға арналған 3 оқу орны пайдалануға берілді. 2014 жылы аяқталады деп жоспарланған басқа оқу орындарының құрылысы 2015 жылдың бірінші тоқсанына ауыстырылды.

Соған қарамастан, қалада балалар санының жыл сайын өсуіне байланысты балаларға арналған мекемелерде орын жеткіліксіз. Балабақшаларда 3-6 жастағы балаларға арналған орын тапшылығы 37 мыңнан астамды құрайды. 83,5 мың бала кезекте тұр.

Биылғы жылы 3000 астам орынға есептелген 14 балабақша мен 60 орындық балабақшаға қосымша бір ғимаратты пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Мемлекеттік комиссиялардың 720 орындық 3 балабақша бойынша актілеріне қол қойылды:

1) Айнакөл мен Жұмабаев көшелері қиылысы маңында 240 орындық балабақша;

2) Нәжімеденов пен Мирзоян көшелері қиылысы маңында 240 орындық балабақша;

3) Түркістан, Керей мен Жәнібек хандар және Орныбор көшелері кварталында 240 орындық балабақша.

2440 орындық 10 балабақша мен 60 орындық қосымша ғимараттың құрылысы жалғасуда:

1) №4 «Аружан» балабақшасына 60 орындық қосымша ғимарат;

2) Сауран мен №24 көшелер қиылысы маңында 240 орындық балабақша;

3) Түркістан – Орынбор – №25 – №26 көшелері қиылысы маңында 200 орындық балабақша; 4) Көктал-2 елді мекенінде 240 орындық санаториялық балабақша;

5) Сығанақ көшесінің оңтүстігінде 240 орындық №1 балабақша;

6) Сығанақ көшесінің оңтүстігінде 240 орындық №2 балабақша;

7) Комсомольский елді мекенінде Қыз Жібек пен Ұлпан көшелері қиылысында 280 орындық балабақша;

8) Комсомольский елді мекенінде Қыз Жібек пен Баян Сұлу көшелері қиылысында 280 орындық балабақша;

9) №23 көше ауданында (Орынбор және №36 көшелердің ортасында) 240 орындық балабақша;

10) Үркер шағын ауданында 240 орындық балабақша;

11) Айнакөл және Мирзоян көшелері қиылысы маңында 240 орындық балабақша.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here