Home Ұстаз үні Несіпкүл Өтебаева. Тәуелсіздігіміз- Нұрлы жолда

Несіпкүл Өтебаева. Тәуелсіздігіміз- Нұрлы жолда

0
Несіпкүл Өтебаева. Тәуелсіздігіміз- Нұрлы жолда

Елім деп еңіреп, Тәуелсіздік деп тер төккен бабалар арманы орындалғанына биыл 23 жыл. Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізіп, елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қостық. Тұңғыш Президентімізді сайладық. 23 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырдық. Барша қазақстандықтар үшін Тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша. Өйткені, біз Тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгендеп, тілімізді, дінімізді және ділімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық.

“Тарихты білмей, болашаққа көз салма” дегендей, Тарихта тар жол тайғақ кешуді басынан өткерген ата-бабаларымыз “Ақ Орда”, “Көк Орда”, “Алтын Орда” сынды іргелі мемлекеттерді құрып, “Қасымханның қасқа жолы”, “Есімханның ескі жолы”, Әз Тәукенің “Жеті жарғысы” сияқты көрнекті дала заңдарымен ел бірлігін ыдыратпай сақтаған.Дала демократиясының заңы қараға да ханға да ықпалы тең болған. Қаншама қилы тарихи шежірелерді ғасырлар бойы артқа тастап,дөңгеленген зымыран уақыт сырғып өтті.
Күні кеше ғана Мемлекет басшысы – Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына “Нұрлы жол – болашаққа бастар жол” атты Жолдауы жолданды. Менің ойымша, осы Жолдау, жоғарыда аталған ата-бабаларымыздың салып кеткен сара жолдарының тарихи ізіндей,көненің көзіндей, заманауи тұрғыдағы жалғасы іспеттес.Енді,алдымыздағы жылы Қазақ хандығының 550жылдығын атап өтпекпіз.Елбасымыз бір сөзінде Қожа Ахмет Ясауидің хикметтерін де әлемдік деңгейге көтеруге болатынын айтқан болатын.Қазақ елінің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: “Осыдан 13ғасыр бұрын Тоныкөк абыз “Түркі жұртының мұраты- Мәңгілік ел”деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпы ұлттық идеямыз мемлекетіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Жалпы ұлттық идеяны өміршең ететін – Елдің бірлігі” -деп, Жолдауды түйіндейді. Осындай өрелі ой  Тәуелсіздігіміздің алтын арқауы, негізгі тіні бола бермек. Иә, болашақта атқарылар тірліктің, еңсерер қиындықтың жүгі бұрынғыдан да ауырлау болатынын жас ұрпақтың санасына сіңіру, жүре¬гіне жеткізуді басты мақсат етіп алуымыз қажет. Өткен тарихымызды ұмытпай, “жұмылған жұдырықтай”бір шаңырақтың астына бірігіп,тура жолдан таймай, болашаққа бағдар көрсететін темірқазықтай болған Президентіміздің “Нұрлы Жолымен” жүрсек бақытымыз баянды болмақ.

Несіпкүл Өтебаева, 

Түркістан қаласы, Некрасов атындағы №9мектеп-
гимназияның мұғалімі,

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here