|  | 

Ахметтің 40 мысалы

Ахмет Байтұрсынұлы. Ат пен есек

Біреудің Есегі мен бар еді Аты,
Апарар бір қалаға болды заты.
Аты мен Есегіне артып алып,
Аяңдап жолға түсіп келе жатты.

Жүк ауыр, Есек сасып, алақтады,
Иесі демалуға қаратпады.
Әл кетіп, жығыларға таяғанда,
Жалынып Атқа Есек сөз айтады:

«Ат достым, жүгім ауыр, халім бітті,
Емеспін жүре алатын енді тіпті.
Зорығып, жолда өліп қалатынмын,
Алмасаң ауыстырып біраз жүкті».

Ат оған ешбір жауап қайтармайды,
Ауырлап жүгін,
Есек қайқаңдайды.
Ентігіп, ішін соғып, дымы құрып,
Жүруге онан әрі жайы қалмайды.

Жығылды Есек байғұс дымы құрып,
Тұрмады айдаса да иесі ұрып.
Сойды да, жүгін, терісін атқа салып,
Қалаға келе жатты тағы жүріп.

Қараңдар, шара бар ма мына сорға,
Аяғын Ат келеді басып зорға.
Қысымды Есек көрген бұ да көріп,
Болдырып, былғақтайды оңды-солға.

Өкініп өткен іске Ат келеді:
«Мен қате еткен екем… Аһ! – деді.
– Есектен аз жүк алып, қарасқанда,
Қиындық мұндай маған болар ма еді?».

* * *
Бұл сөзден қандай ғибрат алмақ керек?
Мысалы, еткен қайыр бір бәйтерек.
Қайырың біреуге еткен болып терек,
Көрерсің рақатын көлеңкелеп.

Қайырдың ең абзалы бұл дүниеде –
Біреуге қысылғанда жәрдем бермек.
Кейбіреу зор бейнетке тап болады,
Кей уақыт аз бейнеттен қашамын деп.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Ахмет Байтұрсынұлы. Өзен мен Қарасу

    Ахмет Байтұрсынұлы. Өзен мен Қарасу

    Қарасу Өзенге айтты: «Ғажап мұның! Мезгілің бар ма, сірә, табар тыным? Тасисың бірде кеме, бірде салдар, Қайықтың есебі жоқ сансыз мыңын. Суыңда күндіз-түні тыныштық жоқ, Қалайша шаршамайсың, жарықтығым? Бейнетім менің егер сендей болса, Бір күн де төзбес едім, нақ бұл шыным. Байқасам салыстырып саған қарап, Рақат, ұжмақ менің көрген күнім. Ол рас, сендей атақ-дабысым жоқ,

  • Ахмет Байтұрсынұлы. Өгіз бен бақа

    Ахмет Байтұрсынұлы. Өгіз бен бақа

    Бір Өгіз айдын шалқар көлге келді, Жағалап суаты бар жерге келді. Шілденің сарша тамыз ыстық кезі, Бек қатты қаны қашып шөлдеп еді. Су ішіп, көлдің шықты жағасына, Мал еді көз тоятын қарасына. Артықша бір көлбақа күншіл екен6 Сол көлдің бақасының арасында. Өгізді суға тойған Бақа көрді, Секіріп көршісіне жетіп келді. «Боламын мен де сонау Өгіздей»,

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog