|  | 

Ұрпақ тәрбиесі

Қазақ баласын үш-ақ ауыз сөзбен тәрбиелеген…

Ұрпағымның ұяты болсын, – деген атам қазақ бала тәрбиесін басқадан биік қойғаны белгілі. Ұятсыз немесе жүгенсіз деген сөзге қалмас үшінде қызды қырық үйден тиыу керектігін ұрпаққа ұлағат еткен. Ондайларды көрсе аяғын етік қыспаған, аузын шеше қыспаған, – деп қыз тәрбиесіне ана рөлінде баса айтқан емеспе еді.
Жүйелесек, қазақ баласын үш-ақ ауыз сөзбен тәрбиелеген, жақсыдан үйрентіп, жаманнан жирентіп отырған.
Оның алғашқысы: ұят болады.
Екіншісі: жаман болады.
Үшіншісі: обал болады.
Ұят болады дегені – өлімнен ұят күшті, ұятты істі істеме дегені; жаным арымның садағасы дегені еді;
Жаман болады дегені – жақсы сөз жарым ырыс, жамандықтан аулақ жүр дегені; жақсының шарапаты, жаманның кесапаты тиеді деген еді;
Обал болады дегені – әр нәрсенің сұрауы бар, саған түкке тұрғысыз болған бір нәрсе басқа біреуге өте қымбат болуы мүмкін дегені, ешкімге көлеңкең түспесін дегені еді.
Жаман боладыға жақындамай, ұят боладыға ұрынбай, обал болады дегенге ойлана қарайтын текті ұлт болған едік, бүгінгі күнгі осы үш сөзге тоқтаймыз ба? Ұлт ретінде тоқтамақ үшін де, ақ сақалды қария мен ақ самайлы әжеміз тоқтасын, ұлағатты ел ұрпағына ұғындырмақ керек те.
Сөзге тоқтайтын ұрпақ қазір бар ма? Бұл күні тиым сөздер тиым сала ала ма? Тиым сөздің тияр тұсы көп, жамандықтан құтқарар қауқары көп еді, әттең, құнын түсірмесек.

Аятжан АХМЕТЖАН

kazbilim.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Қиын балаларды қатарға қосу қиын ба?

    Қиын балаларды қатарға қосу қиын ба?

    Қазақ қашанда саналы ұрпақ тәрбиелеуді назардан тыс қалдырған емес. Ал қазіргідей жария қоғамда бала тәрбиесі бұрынғыдан бетер алаңдатады. «Қиын бала» ұғымы педагог-психологтар арасында өткен ғасырларда-ақ кең тарады. Осы тақырып төңі­ре­гін­де көпте­ген еңбектер жарық көр­ді. Соның бірі – ағылшын пси­хиатры Стэнли Турецкийдің (Stanley Turecki) «Қиын бала» кітабы. Аталған еңбе­гінде автор алдымен «Сізде қиын бала бар ма?»

  • Балаларға қандай сыйлық ұсынған дұрыс?

    Балаларға қандай сыйлық ұсынған дұрыс?

    Балаға ұдайы түрлі сыйлықтар жасап тұрған дұрыс. Бірақ сыйлықты талғаммен және  кез келген баланың жас шамасын ескере отырып таңдағаныңыз абзал. Бүгін біз ғалымдардың зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып балаларға қандай сыйлықтар ұсыну керектігі жайлы аз сөз қозғамақпыз. Ойыншық – баланың рухани азығы. Ойыншықтарды олардың танымдық және тәрбиелік рөлін ескере отырып таңдайды. Бірақ өте қымбат ойыншықтар мен өте

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog