|  | 

Редакция таңдауы

Қыздар университетінде отбасы құндылықтары талқыланды

4 қыркүйек күні Отбасы күніне орай Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «70 жыл – 70 отбасы» айтулы шарасы болып өтті.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей бастамасымен күнтізбеге енген жаңа мереке – Отбасы күні салтанатты түрде аталып өтті. Отбасы мерекесінің Қыздар университеті үшін үлкен маңызы зор. Өйткені, жетпіс жылға жуық тарихы бар, білім ордасы жоғары білімді педагог дайындап қана қоймай, оқу орнын бітіріп шыққан әр қазақ қызына өнегелі тәрбие беріп келе жатқан, әр қазақ қызына болашақ ана, аяулы жар деп қарайтын, қыз тәрбиесіне үлкен мән беретін киелі шаңырақ. Қазіргі жастарымызға тәрбиенің көзі, адами құндылықтардың отбасында жатқанын ұғындыру, ұлын-ұяға, қызын қияға қондырып, өмірдің талай ащысы мен тұщысын көрген өнегелі отбасыларды үлгі ету мақсатында өткен шараға ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Махаббат Бекбосынова, КСРО және ҚР Халық әртісі Бибігүл Төлегенова, ҚР Парламент Мәжілісінің Депутаты Оразкүл Асанғазы, ҚР мемлекет және қоғам қайраткері Шәмшә Беркімбаева, ҚР ғылым және қоғам қайраткері Күләш Құнантаева, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Нина Каюпова, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері мен отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, әлеуметтану ғылымдарының докторы Раушан Сәрсембаева, сонымен қатар Қыздар университетінің түлектері, зиялы қауым өкілдері, оқытушы-профессорлық құрамы мен студенттері қатысты.
Қыздар университетінің 70 жылдығымен тұспа-тұс келген шара алдымен «Әйел – шаңырақ шырақшысы» атты ҚазМемҚызПУ түлектерінің арасында үлгілі отбасы атанып отырған 70 жанұяның көркем-суретті көрмесімен ашылды. Көрме аясында сондай-ақ, фотоальбом болып жарық көрген кітаптың тұсауы кесілді. Фотогаллереяны Қыздар университетінің ректоры Динар Нөкетаева, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Махаббат Бекбосынова, ҚР Парламент Мәжілісінің Депутаты Оразкүл Асанғазы салтанатты түрде ашты. Әрбір оқу орны қашанда өз түлектерімен мақтанады десек, Қыздар университеті де бүгінде елімізге танымал болған көптеген өз түлектерімен мақтанады. Атап айтқанда, институттың алғашқы түлегі, аты аңызға айналған ұстаз, Социалистік Еңбек Ері Рафиқа Нұртазина, «Алтын жұлдыз» медалінің иегері, ҚР Еңбек Ері Рыскүл Мақатова, қазақ поэзиясының ақ шағаласы болып, жарты ғасыр бойы қазақ өлеңінің салқар көшінде өзіндік талантымен дараланып жүрген Ақұштап Бақтыгереева, Қазақстанның халық ақыны Әсия Беркенова, тіл жанашыры, әзірбайжанның аяулы қызы Асылы Осман, Қыздар университетінің көп жыл абыроймен басқарған қоғам қайраткері Шәмша Беркімбаева, Жоғарғы Кеңестің және қазіргі Парламенттің де депутаты болған, әрі халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін абыроймен атқарған Зәуре Қадырова, Парламент депутаты Мәриям Жүйріктаева, өнер саңлақтары: Мәдина Ералиева, Ұлжан Айнақұлова, Дина Хамзина, Тамара Асар осы оқу орнының мақтан тұтатын түлектері. Бұдан өзге кең-байтақ еліміздің түкпір-түкпірінде ұстаздық, қоғамдық және мемлекеттік қызметті абыроймен атқарып жүрген түлектері қаншама. Олар еңселі еліміздің болашағы – өскелең ұрпақты бағып-қағып, тәлім-тәрбие берумен бірге, қоғамымыздың әр саласында қажырлы еңбек етіп келеді. Әр түлектің жемісті еңбегі – Қыздар университетінің жетістігі.
Салтанатты шара кеше бастау алған «Отбасы құндылықтары: тарих және қазіргі заман» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциямен жалғасты.
Отбасы институтының тарихи дамуын зерделеп, оның тиімді және маңызды қырларын жандандыру, отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасының беріктігін арттыратын ұлттық тәлім-тәрбие мен жоғары рухани адамгершілік құндылықтарды дәріптеу, жастарды бақытты да берік отбасы болуға тәрбиелеу мақсатында өткен конференция жұмысында отанымыздың беделді ғалымдары мен саясаткерлері, отбасы мәселесімен шұғылданатын әлеуметтік институттардың өкілдері кешегі және бүгінгі отбасы құндылықтары, дәстүрлі қазақ отбасы құрылымындағы құндылықтар, жаһандану жағдайындағы отбасылық құндылықтарға төнген қауіп-қатерлер, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық, жанұядағы рухани адамгершілік негізінің сақталуы мен оның сабақтастығындағы мемлекеттік институттардың, БАҚ пен үкіметтік емес ұйымдардың рөлі сынды мәселелерге қатысты келелі ой-пікірлерін ортаға салып, талқылады.
Шара аясында оқу орын ректоры Динар Нөкетаева университетіміздің дамуына айрықша үлес қосқан бірқатар азаматтарды «Ұлағат» және «Құрмет белгісі» медальдарымен марапаттады.
Қыздар университетінің ең жоғарғы марапаты – «Ұлағат» алтын медалімен ҚР Парламент Мәжілісінің Депутаты Оразкүл Асанғазы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Шәмша Беркімбаева, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Күләш Құнантаева марапатталды.
Ал, айтулы «Құрмет белгісі» медалімен КСРО және ҚР Халық әртісі Бибігүл Төлегенова, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Махаббат Бекбосынова, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері мен отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, әлеуметтану ғылымдарының докторы Раушан Сәрсембаева, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Нина Каюпова, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілі Қалкен Жахин, «Экомед» клиникасының басшысы Салтанат Байқошқарова, Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Айнұр Бекжанова марапатталды.
Осындай марапаттаулар студенттерді де бұл игі іс-шарадан тыс қалдырған жоқ. Қазақстанның іскер Әйелдер қауымдастығының Қайырымдылық қоры Қыздар университетінің 70 жылдығына орай білім ошағының белсенді, оқу үлгерімі жақсы, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан студенттерді 100 000 теңгелік сертификаттармен марапаттады. Оған мәдени тынығу жұмысы мамандығының 2 курс студенті Бақытжамал Байымбетова, математика мамандығының 3 курс студенті Мадина Ишпекбаева, химия мамандығының 4 курс студенті Алтынай Қалдыбаева, педагогика және психология мамандығының 3 курс студенті Гүлдана Бапаева, құқық және экономика негіздері мамандығының 4 курс студенті Гүлден Ахметова, қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің филология мамандығының 4 курс студенті Жұлдызай Абдуманапова ие болды. Сертификаттарды Қазақстан Республикасының іскер Әйелдер қауымдастығының төрайымы Раушан Сарсембаева, Аида Кауменова сынды елімізге белгілі тұлғалар табыстап, жүзден-жүйрік шыққан студенттерге жүрек жарды тілектерін білдірді. Сөз соңында университет ректоры Д.Нөкетаева мұндай марапаттардың келешекте де жалғасын табатынына сенім артты.
Отбасы меркесіне арналған шара мерекелік концерттік бағдарламамен аяқталды.
Шараның ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы, «Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы» республикалық қоғамдық ұйымы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті және оқу орын жанындағы Әлеуметтік және гендерлік ғылыми зерттеу институты, – деп хабарлайды қыздар университетінің медиа орталығы.

kazbilim.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Мұғалім мәртебесіз болайын дей ме?

    Мұғалім мәртебесіз болайын дей ме?

    Қазір мұғалімдерге қатысты алуан түрлі әңгімелер айтылудай айтылып келеді. Әлеуметтік желілердегі небір сойқан көріністер жаныңды жаралайды. Мұғалім мен бала арасындағы текетірес тіпті өршіп бара жатқандай. Ақиқатына келсек, мұғалім мәртебесіз болайын дей ме? Біз бұл мәселеде түпкі себебіне үңілмей, салдарын ғана дуылдата беретініміз өкінішті-ақ. Мұғалімнің алдымен мұңын естіп, тұрмысын түзеп алып барып, яғни әлеуметтік жағдайын жан-жақты

  • ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

    ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

    Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. 1. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. 2. ҰБТ – жоғары оқу орындарына түсу емтиханы. 1. 11 сынып оқушысын қорытынды аттестаттау бітіруші емтихан нысанында мектепте бес пәннен, оның ішінде 4 міндетті (ана тілі, екінші тіл, алгебра және анализ бастамалары, Қазақстан тарихы) және оқыту бейіні (ҚГБ және ЖМБ) ескеріле

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog