Home Редакция таңдауы Астананың жаңа мектептері заман талабына сай

Астананың жаңа мектептері заман талабына сай

0
Астананың жаңа мектептері заман талабына сай

Өздері кішкентай болса да, таудай талаптары бар мына бүлдіршіндер бірінші сынып табалдырығын аттауға дайын.

Қазір қала мектептері кішкентай балғындарды күніне екі сағат оқу мен жазуға үйретіп, балалардың қол моторикасын дамытуда. Осылайша олар бөтен ортаға бейімделіп, оқушы атануға асығып жүр. Биыл елордада 13 мың бүлдіршін бірінші сыныпқа барады.

Ақынгүл Тулегенова, Астана қаласы №51 мектеп-гимназиясы бастауыш сынып бойынша оқу ісінің орынбасары:

Былтыр 8 сынып ашылған болатын. Биыл біз №51 мектеп-гимназиясына 10 бірінші сыныпты қабылдаймыз. Былтыр 270 бала қабылдаған болатынбыз. Қазіргі кезде 180 бала тіркеуде тұр.

Биыл Астанада 4 жаңа мектеп 1-қыркүйекте пайдалануға беріледі. Бүгінгі күні бұл мектептер жабдықталып, білім күніне безендіріліп жатыр. Соның бірі 1200 орындық №73 физика-техникалық лицейі. Жаңа үлгідегі білім ұясы лингафон, компьютер сыныптарымен, сондай-ақ, химия, биология, физика пәндеріне арналған зертханалармен жабдықталуда. Әзірге мектепке 500 оқушы қабылданған.

№73Құралай Байтажикова, №73 физика-техникалық лицейі директорының міндетін атқарушы:

Қазіргі таңда мектеп оқушыларды қабылдауға дайын. Мұғалімдермен толық қамтамасыз етілген. Оқу-әдістемелік, басқа да құралдар жеткілікті. Қыркүйек айынан бастап балалардың қызығушылығы мен қабілетіне байланысты компьютерлік модельдеу, роботтық техника, радиотехника, футбол, пікірсайыс клубы, шахмат секциясы сынды қосымша үйірмелер мен таңдау курстары жұмыс істейтін болады.

Биылғы оқу жылында №75 жалпы гуманитарлық бағыттағы мектеп-гимназиясы да қолданысқа беріледі. Қазір 14 интеллектуалды тақта алынып, 2 мультимедиялық кабинет ашылып, мәжіліс залы ЛЭД экрандармен жабдықталуда. Аталған мектепте 1200 оқушыға дейін білім алады. Әзірге 635 оқушы қабылданған. Жалпы, жаңа мектептер 5000 оқушыға дейін қамтиды.

astana.gov.kz

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here