|  | 

Керекті кеңес

Оқушыларды бірінші сыныпқа қабылдау ережелері

ҰстазАлғашқы қоңырау соғылып, оқу маусымының басталуына санаулы күн қалды. Күні кеше ғана балабақшаға барған 13 мыңнан астам бүлдіршін бірінші сынып табалдырығын аттағалы отыр. astana.kz сайтына Астана қаласы Білім басқармасының хабарлағанындай, кез келген ата-ана баласын бірінші сыныпқа қабылдату үшін тіркелген мекен-жайы бойынша мектептің қабылау комиссиясына бара алады.

Ал, алдымен қажетті құжаттар тізімін нақтылап алған жөн. Атап айтар болсақ, мектепке қабылдау туралы өтінім, баланың 3х4 екі фотосуреті, туу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі, баланың ЖСИ, баланың және ата-ананың тұрғылықты жерінен анықтама, денсаулық паспорты, егу картасы мен іс-қағаздарын бекітуге арналған тезтікпе керек.
Сондай-ақ, мектепке қабылдау алдында мектеп психологымен әңгімелесу жүргізіледі. Психолог балаға ата-анасы, отбасы, немен әуестенеті жөнінде сұрақтар қояды. Бұл баланың мінезін жақсы танып, біліп, қатарластары мен мұғалімдерімен кездесуге дайындығын білуге мүмкіндік береді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Білім мен ғылымды бөлетін уақыт келген жоқ па?

    Білім мен ғылымды бөлетін уақыт келген жоқ па?

    Мемлекеттік қызмет са­ла­­сында әкімшілік рефор­малардың жиі жүр­гізілуі Қазақстан үшін таң­сық емес. Талай министр­лік бі­рікті, бөлінді, қайта қо­сылды, тарап кетті. Әрбі­рінің өз себебі де болды. Ал кейде білетіндер кезек­ті өзгерісті лобби қақты­ғы­сының нәтижесі деп те бағалап жатты. Алай­да қазір Білім және ғы­лым министрлігін ортадан қақ бөліп, еншілерін бөлек шыға­рып, қос мекеме қылатын кез кел­гендей. Бұл ешкімнің

  • Білім министрі ЖОО ректорларын тағайындау тәртібінің өзгеруіне қатысты пікір білдірді

    Білім министрі ЖОО ректорларын тағайындау тәртібінің өзгеруіне қатысты пікір білдірді

    Білім министрі ректорларды конкурстық негізде тағайындау нәтижесінде қандай артықшылықтарға қол жеткізетінін айтты. Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады. Білім министрі ЖОО-ның ректорларын тағайындау тәртібін өзгерту маңызды шешім екенін атап өтті. “Достар, мемлекет басшысының Жарлығымен ұлттық ЖОО-ның ректорларын тағайындау тәртібі өзгерді. Меніңше, бұл маңызды шешім. 2008 жылдан бастап ұлттық жоғары оқу орындарының ректорлары ҚР президенті тағайындап келді. Бұл шешім сол

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog