|  | 

Ұлылар ұлағаты

Зейнеп АХМЕТОВА. Атаның маған айтқан ақыл сөздері

momishuliАнаған да, мынаған да таңғаласың да жүресің. Соған кеткен қуатыңды, уақытыңды өзгені таңғалдыруға жұмсамайсың ба?! Меніңше, сенде оған жететін күш-қуат бар.

Алатын кезде – алға озып, беретін кезде артта бұғып қалатын, алғаны мен бергенін жіпке тізіп санайтын адамнан аулақ жүр. Ондай адамнан құтылудың өзі – үлкен олжа.

Адам ешкімге сенбей, бәріне күдіктеніп, айналасындағыларды ылғи “алдамшы”, “қу”, “нашар адамдар” деп ойлап жүрсе, тура сондай сұмырайлар кездесе береді, қасыңа топталып, жинала береді.

Адам өмірге, мынау жарық дүниеге жылап келеді. Ата-ана, туған-туыс айналасы шат-шадыман қуанады. Кетеріңде өзгелер жылап, өзің ризашылықпен қуанып кететіндей істе.

Маңдай терің тамған еңбегің мен ақылың жұптаса қол ұстасып жүрмесе, тапқаның табаныңның астында тарыдай шашылады.

загруженное (40)Жақсы адамның жақсылығын айтқын, мейірленсін. Бірақ жағымпазданып өтірік мақтама! Нашар адамның жамандығын бетіне бассаң да, жала жаппа!

Өзіңді силайтын жерге қайта-қайта жылтыңдап бара берме, қадірің кетеді.

Пышақ қаламның орнын ауыстыра алмайды. Пышақ кескен жер жазылып кетеді, қалам жазалаған жер жазылмас жараға айналады.

Бағың жанып, тасың өрге домаласа, арзанқол достар мен дұшпандарың көбейеді.

namys.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Мағжан Жұмабайұлы. Баланың жанын тәрбиелеудің негіздері

    Мағжан Жұмабайұлы. Баланың жанын тәрбиелеудің негіздері

    Бастапқы кезде жөпшенді білінбейтін баланың жан тұрмысы бала өскен сайын бірте-бірте біліне бастайды. Сондықтан баланың дене тәрбиесі мен жан тәрбиесін қатар алып бару керек. Қатар алып бару емес, бала өскен сайын тәрбиеші күшінің көбін баланың жан тәрбиесіне жұмсай беруге міндетті. Тегінде берік ұғу керек: адамның қымбат нәрсесі де, жұмбақ нәрсесі де сол – жан. Қиын

  • Ғұмар Қараш. ЕНДІ ҚАЛАЙ ТҰРМАҚ КЕРЕК?

    Ғұмар Қараш. ЕНДІ ҚАЛАЙ ТҰРМАҚ КЕРЕК?

    Қазақтың жау жарағын тастап, момын болып, шаруасына қарағанына екі жүз жылдай болған екен, бұл екі жүз жыл он сегізінші-он тоғызыншы заманға тура келеді екен (һәр бір жүз жылды бір заман деп атайды). Бұл айтылған екі заманада адам баласы бегіректе ілгері кетті, ол ілгері кетуге себеп болған нәрсе – ғылым менен өнер. Бұл екі заманада отарба,

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog