Home >> Керекті кеңес >> ҰБТ-2014 жалпы қортынды
ҰБТ-2014 жалпы қортынды

Кеше яғний, 2014 жылы 16 маусымда Алматы қаласында Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіповтің, Білім және ғылым саласында бақылау комитетінің Төрайымы З.Оразалиеваның және Ұлттық Тестілеу Орталығының Директоры Қ.Әбдиевтың қатысуымен 2014 жылғы Ұлттық Бірыңғай Тестілеудің қорытындылары бойынша брифинг өтті.
2014 жылғы 2-8 маусым аралығында өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуге 87 593 (95,1%) түлек қатысты.
Тестілеу бүкіл респбулика бойынша 155 пунктте өткізілді.
Ең жоғары 125 баллды төрт түлек иеленді: Айғаным Әбдіжаппар – Алматы қ-сы, №178 лицей, Әсия Марат – Алматы қ-сы, Ыбырай Алтынсарин ат. №159 лицей, Ұлпан Ержанова – ОҚО, Ордабасы ауданы, Ғ.Мұратбаев ат.орта мектеп, Шахзода Ахмеджанова – Шымкент қ-сы, №23 орта мектеп.
100 баллдан жоғары көрстекішке 13 137 түлек қол жеткізген. Ал 2013 жылы мұндай нәтижені 11 167 талапкер көрсеткен.
2014 жылғы орта балл 76,9-ды құраған. 2013 жылғы орташа балл 74,5 болған.
Ал ең төменгі 50 баллды 20 236 (23,1 %) бала жинай алмады. 2013 жылы бұл көрсеткіш 27 465ті (28,8 %) құраған.
Бірнеше рет тәртіп бұзғандары үшін 29 талапкер аудиториядан шығарылды.
ҰБТ тапсыру кезінде талапкерлерден 27 135 ұялы телефон, 19 657 шпаргалка, 1 127 калькулятор, 133 фотоаппарат, 27рация, 2 флэшка, 2 қол сканері, 13 4G, 14 блютуз, 8 WI-FI, 1 интернет-модем табылған.
«Алтын белгіден» үміткер болған 4 321 түлектің 1 824-і ғана сенімдерін ақтады.
Тестілеуге қатысушылардың айтуларынша, ҰБТ жылдағымен салыстырғанда бар аймақта жақсы ұйымдастырылған.
Министрдің айтуынша, апелляцияға 402 сұрақ келіп түскен. 14 маусымға дейін оның 64 сұрағы қанағаттандырылған.
«Ал, шектік 50 балды 20200 талапкер немесе 23% жинай алмаған. Өткен жылы шектік баллды 27,5 мың оқушы немесе 28% жинай алмаған болатын. Демек, көрсеткіш 5%-ға жақсарды», — деді Аслан Сәрінжіпов.
Жалпы, министрліктің берген мағлұматы бойынша республикада орташа балл 2,4 баллға артқан.
«Бұл көрсеткішті ҰБТ-ға дайындықтың жақсарғанынының дәлелі ретінде қарастыруға болады. Егер, өткен жылы орташа балл 74,5 баллды құраса, биыл ол еліміз бойынша 76,9-ға жетті», — деді Аслан Сәрінжіпов.
«ҰБТ қорытындысы бойынша, жақсы көрсеткіштермен оқу жылын аяқтаған он үздік мектеп тізімі жасалуда. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл тізімде алғашқы орынға Астана қаласының мектебі, онан соң, Орал, ОҚО, Ақтөбе, Алматыдағы екі мектеп, Қостанай және Кентаудағы мектептер орналасты. Орал мен Кентау қалаларындағы мектептердің түлектері бірнеше жылдан бері үздік аталып келеді. Олардың білім берудегі тәжірибесін алдағы күнде зерттеп, оқытудағы әдістерін қолданатын боламыз»,- деді Аслан Сәрінжіпов.

ҰБТ да соңғы бес жылда 100 балдан астам ұпай жинаған Орал қаласындағы Облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты бірінші орында тұр. Екінші орынға тағы да Оралдың бір мектебі, яғни С.Сейфулин атындағы №11 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп интернаты жайғасты. Еліміз бойынша үшінші көрсеткішке Кентау қаласының «Дарын» аймақтық мектеп интернаты қол жеткізген. Төртінші орында Қостанай дарындылары, бесінші орынға Ақтөбедегі М. Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп интернаты орналасты. Үздік ондықтың қатарына Астана қаласынан дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебі ілінді.

Министр Алматыдағы №39 мектеп-лицей мен №140 мектеп гимназиясы үздіктер қатарында деп анықтап өтті. Ал жалпы, ҰБТ 2014 жоғары деңгейде өткен.
«Облыстарды жеке қарастыратын болсақ, барлық өңірдің нәтижесі биыл жақсарған. Бірінші орында Алматы қаласының түлектері тұр. Биылғы көрсеткіш 92,6 балл, өткен жылы бұл 86,7 баллды құраған. Екінші орынға 87,5 балмен Астана қаласы орналасты. Үшінші орында — Ақтөбе облысы. Одан кейін Батыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстары сәйкесінше орналасқан», — деді ҚР Білім және ғылым министрі.
Оның айтуынша, ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл қалада да, ауылда да өскен. Бірақ, қала мен ауыл арасындағы 10 балл айырмашылық әлі де сақталып келеді.
«Өткен жылы қала мектетерінің орташа балы 79 болса, биыл 81,5 балл, ал ауыл мектептерінің орташа балы былтыр 70,3 балды құраған болса, биыл орташа балл — 72,19», — деді Аслан Сәрінжіпов.
«Ұйымдастыру жағынан 2014 жылғы ҰБТ жоғары деңгейде өткізілді. Тестілеуге қатысушылардың аз болуы демографиялық жағдайға байланысты», — деді бас ұстаз.
Дегенмен, Аслан Сәрінжіповтің айтуынша, алдағы жылдары ҰБТ форматы өзгеріске ұшырайды.
«Қандай өзгеріске ұшырайтыны әлі белгісіз. Бірақ, ҰБТ-ға көп жағдайлар байланысты болып отыр. Сондықтан, біртіндеп ол жүктемелерді алып тастауымыз керек. Мәселен, тестілеу нәтижесі бойынша бітіруші түлектің білімі анықталады. Алтын белгі ақталды ма, жоқ па, ол да тестілеуге байланысты. Мұғалім, мектеп, аймақ жұмысы осымен бағаланады. Мұның барлығы қысым. Алдағы жылдары ҰБТ-ны күйзелісі аз етіп ұйымдастыруымыз керек»,- деді ҚР Білім және ғылым министрі.
«2015 жылдан бастап төменгі сыныптарда жаңа мазмұндағы апробацияларды бастаймыз. Орта буынға да жаңа элементтер енгізіледі. Біз мазмұн стандартындағы өзгерістер бағалау жүйесінде көрініс табады деп жоспарлап отырмыз. Нақты ұсыныстар жасалған кезде оларды Үкіметте қорғайтын боламыз. Сосын іс жүзінде жүзеге асырамыз», — деді еліміздің бас ұстаз.
Министрдің айтуынша, сынақ мерзімі бір жылды қамтиды. Сынаққа еліміз бойынша 30 мектеп қатысады. Ал 2016 жылы аталған жаңа стандарттар іс жүзінде білім жүйесіне енгізіледі.

kazbilim.kz

the author

Абай атамыздың сөзімен айтсақ: «білімдіден шыққан сөз, талаптығы болсын кез». Біз ортаға дәнекер бола алсақ – мақсатымыздың орындалғаны. Қадірлі оқырман сайт алаңында білім саласына байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз. Ұлт болашағына айтар ойларыңыз болса мархаббат.

One Comment

  1. Альсейтов Амангелді Гумарович:

    Құрметті сайт иелері!
    Мен, Альсейтов Амангелді Гумарович, БҚО Теректі ауданының “Үміт” лингвистикалық гимназиясының математика пәнінің мұғалімімін. Біздің мектебіміз өз тарихында ҰБТ нәтижесі бойынша Орал қаласындағы С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының көрсеткішінен әрдайым орта есеппен 10 балл жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Біздің мектебіміз биыл да облыс бойынша екінші нәтиже көрсеткен болатын, ал №11 мектеп №41 мектептен де қалып қойып, небары төртінші орынға орналасқан болатын. ҚР білім және ғылым министрлігі ҰБТ нәтижесі туралы ақпараттарға қол жеткізе алмай отыр ма, әлде бұл әдейі бұрмалаушылық па? Осы сұраққа жауап берсеңіздер ….
    Орыстың белгілі ақыны В.В.Маяковскийдің өлеңіндегі “Мой труд вливается в труд моей Республики …” жолдарын девиз етіп ұстанып, қазақ ауылында ақ-адал еңбек етіп жүрген мен сияқты ауылдық қарапайым мектеп мұғалімінің еңбегі аяққа тапталатын заманға жеттік пе?!
    Зор құрметпен, Амангелді Гумарович.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

  • Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз. E-mail: kazbilim@gmail.com
  • ZERO.KZ HotLog
Top