|  | 

Редакция таңдауы

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІДЕ ТҰҢҒЫШ РЕТ ҚЫЗҒАЛДАҚ БАЛЫ ӨТТІ

Бүгін, 13 мамыр күні Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Студенттер Үйі алаңында оқу орынның 70 жылдық мерейтойына орай Қызғалдақ балы болып өтті.

unnamed (1)Жастар саясатын дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен Балға Қыздар университетінің ару қыздары мен Алматы қаласындағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инжинерлік институты курсанттарынан құралған 70 жұп қатысты. Балда би билеген әр жұп екі оқу орынның белсенді жастары қатарынан іріктелініп алынды.
Шынайы музыка мен классикалық биді бағалайтын жандардың басын қосқан мереке салтанатты полонез биімен ашылды. Қыздар университетінің шаңырағы бір күн Венаға айналғандай болды. Би патшасы – вальстің әуезді ырғағымен айнала билеген аққудай сұлу да көрікті қыздар мен сұңғақ бойлы, сымбатты жігіттер баршаға мерекелік көңіл-күй сыйлап, тамаша әсерге бөледі. Қызғалдақ балының форматы классикалық Вена балының дәстүрінен ауытқымады. Балға қатысушы жұптар полонезден өзге, полька, мазурка мен Вена вальсін билесе, Қыздар университетінің белсенді де, өнерлі жастары флешмоб ұйымдастырып, оқу орынның 70 жылдығына орай «70» деген сан жазды. Сондай-ақ, әйгілі «Тақиялы періште» кинофилімінен үзінді көрсетіп, «Одиссей» әніне би биледі.
Әсемдік пен әдемілікке баулитын салтанатты шараны Қыздар университетінің ректоры Динар Нөкетаева ашты:
unnamed (3)«Қайырлы күн, қадірменді ұстаздар және жастар! Міне, бүгін Қазақ қыздарының парасат мектебі атанған Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ұжымының тарихында бұрын соңды қайталанбаған игілікті іс атқарылуда. Университеттің белсенді жастарының бастамасымен оқу ордамыздың 70 жылдық мерейтойының аясында өнердің өрелі өнегесін көрсетіп отыр. Жастарды әлемдік классикалық мәдениетке және рухани байлықтарды дамытуға тәрбиелейтін бұл шараның маңызы зор деп білемін. Бүгінгі біздің қыздарымыз әлемдегі тамсантар табиғи сұлулықтың сән үлгісін көрсете білді. Осындай сұлулықты паш еткен баршаңызға үлкен алғысымды білдіремін. Жеке өмірлеріңізге бақ-береке, істеріңізге ізгі жемістер тілеймін!», деді оқу орын басшысы.
Шара барысында Балдың құрметті қонағы ретінде шақырылған оқу орынның құрметті ардагер ұстазы Қазына Аймағанбетқызы оқытушылар атынан өз лебізі мен құттықтауларын білдіріп, «Бұл керемет жоба тек қана жоғары мәдениеттілікке бастап қоймайды, жастарды әдемілік пен әсемдікке баулиды», деп атап өтті.
Аталмыш шараның ұйымдастырушысы, Жастар саясатын дамыту бөлімінің басшысы Маржан Ахтаеваның айтуынша, «Қызғалдақ балы» – ең алдымен достыққа, салауатты өмір салтына және жастардың рухани дамуына арналған іс-шаралар жиынтығы. «Қызғалдақ Балына» дайындық бір айдан аса жүрді. Шара Қыздардың парасат мектебі атанған Қыздар университетінің 70 жылдық мерейтойына арналады, белсенді студенттердің мерекеге деген арнайы тартуы десем болады», деді М. Ахтаева.
unnamed (2)Шара соңында оқу орын басшысы мерекелік кешке белсене атсалысқан студент жастарды Алғыс хаттармен марапаттап, Бал атына сәйкес қызғалдақ гүлдерін табыс етті.
Көрікті шараны оқу орынның ұжымы мен студенттер қауымы тамашалады.

Kazbilim.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Мұғалім мәртебесіз болайын дей ме?

    Мұғалім мәртебесіз болайын дей ме?

    Қазір мұғалімдерге қатысты алуан түрлі әңгімелер айтылудай айтылып келеді. Әлеуметтік желілердегі небір сойқан көріністер жаныңды жаралайды. Мұғалім мен бала арасындағы текетірес тіпті өршіп бара жатқандай. Ақиқатына келсек, мұғалім мәртебесіз болайын дей ме? Біз бұл мәселеде түпкі себебіне үңілмей, салдарын ғана дуылдата беретініміз өкінішті-ақ. Мұғалімнің алдымен мұңын естіп, тұрмысын түзеп алып барып, яғни әлеуметтік жағдайын жан-жақты

  • ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

    ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

    Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. 1. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. 2. ҰБТ – жоғары оқу орындарына түсу емтиханы. 1. 11 сынып оқушысын қорытынды аттестаттау бітіруші емтихан нысанында мектепте бес пәннен, оның ішінде 4 міндетті (ана тілі, екінші тіл, алгебра және анализ бастамалары, Қазақстан тарихы) және оқыту бейіні (ҚГБ және ЖМБ) ескеріле

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog