Зауал. Ашаршылық туралы деректі фильм.

Бүгін 31 МАМЫР - АШАРШЫЛЫҚ ЖƏНЕ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІ
Тек ашаршылық емес, саяси қуғын сүргін құрбандарын қоса есептесек бүгін еске алудың еншісінде 20 ғасырдың басында басталып жатысында аяқталған 50 жылға жуық ҚАЗАҚТЫҢ ғана басында бар ең қасіретті һәм аянышты нәубеттер жатыр...
Көзбен көріп, құлақпен естімек түгілі елестетудің өзіне жан шыдамайтын адам етін жеуге жеткізген, бір ұлттың 70 пайызын жер бетінен жоғалтқан, қанды қасап қасірет өзге ешқандай ұлттың басында болмаған да шығар...
Қанды қасаптың арты ел алдындағы есті кісінің бірін қоймай, асты, атты...
Жүректі адамның жүрегін қан жалатар қасірет...
Тарихтан мұнша таяқ жеген бізден басқа жұрт болмаған шығар... Болмасын да...
Сол 50 жылға жуық қасірет болмағанда, қазақ бүгін....
Мені ойландыратыны осы қасіретті жылдарда қазақтың қырлуына тікелей себепкер болған және жер бетінен түгелдей жойылып кетпеуіне азда болса септігін тигізген оқиғалармен адамдардың тарихы бағасын бере алдық па?
Әлде, қазақты қынадай қырған талай адамның есіміндегі көшеде ессіз мақұлықша жүрміз бе? Қазақты қынадай қыруға себеп болған талайдың атындағы мектепте тәуелсіз елдің баласын оқытып жүрген жоқпыз ба?
АШАРШЫЛЫҚ ЖƏНЕ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН жарты ғасырдың еншісіндегі тарих... Ол заман өткелі бір ғасырға жуық....
ҚАЗАҚ ЕНДІ ҚАСІРЕТТЕН АМАН БОЛҒАЙ!!!

Аятжан Ахметжан

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.