Ахметтің 40 мысалы

  • Ахмет Байтұрсынұлы. Қаптесер мен көртышқан

    Қаптесер келіп айтты Көртышқанға: «Бір хабар шашылып тұр жер-жаһанға. Күн туып біздерге де көз ашқандай, Жем бопты Мысық залым Арыстанға. Тыныштық бермеуші еді, Құдай ұрған, Жазасын тартпасын ба ол дұшпан да?!». Көртышқан айтты деңіз сонда

    Read More

  • Ахмет Байтұрсынұлы. Қайырымды түлкі

    Бір мерген бозша құсты атып алды, (Қоймады өлтіріп-ақ жалғыз жанды). Басында бір ағаштың үш баласы, Шырылдап ұясында жетім қалды. Ана жоқ таситұғын тағам-жемді, Күн көрер бишаралар қайтіп енді? Шулаған балапандар даусын естіп, Сөз сөйлеп осылайша

    Read More

  • Ахмет Байұрсынұлы. Қайыршы мен Қыдыр

    Қайыршы киімі жыртық, жалаң аяқ, Мойнында ескі дорба, қолда таяқ, Қалада қайыр сұрап жүруші еді, Күн көріп бергенімен әркім аяп. Үйіне бай-мырзаның келген шақта, Қазына салтанатын көрген шақта, Ойлайтын: «Мұнан артық не керек, - деп,

    Read More

  • Ахмет Байтұрсынұлы. Шымшық пен көгершін

    Бір Шымшық торға түсті соры қайнап, Барды ма, кім біледі, ажал айдап. Бәлені қаза менен қайда деме, Ғаріп боп, отыр сорлы көзі жайнап. Жанына жас Көгершін ұшып келді: «Не қара басты торға түсіп? - деді.

    Read More

  • Ахмет Байтұрсынұлы. Шал мен жұмыскер

    Шал қайтты малайымен пішен шауып, Бәлені сезе ме адам тұрған бағып. Орманмен кешкітұрым келе жатты, Баратын елге тура бір жол тауып. Тап берді қарсы алдынан аю шығып, Болмады айла етерге о ғып, бұғып. Үстіне Шалдың

    Read More

  • Ахмет Байтұрсынұлы. Шал мен ажал

    Орманнан бір шал қайтты отын алып, Бүкшеңдеп, көтере алмай, өліп-талып. Отынын жерге қойып, біразырақ, Қисайып жатты байғұс ойға қалып: «Мен сорлы өрі кәрі, әрі жарлы, Асырау оңай емес үйлі жанды. Қартайдым, жалданарға қайратым жоқ, Бермеді

    Read More

  • Ахмет Байтұрсынұлы. Түлкі мен қарашекпен

    Түлкіге тамақ іздеп сапар шеккен, Жолығып, айтты бір күн Қарашекпен: «Күнің аз тауық жемей жай жүретін, Ұрлыққа құмар жансың мұнша неткен? Сыр ашып сөйлеселік оңашада, Ешкім жоқ екеуімізден басқа шеттен. Ашиды, рас, жаным, Түлкі, саған,

    Read More

  • Ахмет Байтұрсынұлы. Сары шымшық

    Мақтанып сары Шымшық шалқып-тасты, «Теңізді өртеймін!» деп лақап шашты. У-шу боп, бұл хабарды естіген соң, Теңізді тастап, құстар үркіп қашты. Таң қалып, «тамашаны көреміз» деп, Алыстан андар келді әдейі іздеп. Адам да түс-тұс жақтан келе

    Read More

  • Ахмет Байтұрсынұлы. Малшы мен маса

    Бір Малшы көлеңкеге келіп жатып, Қасқырдан иттеріне сеніп жатып, Үстінде көк шалғынның, самал жерде Тырайып қалды сабаз ұйықтап қатып. Келеді қара жылан шағайын деп, Қапысын ұйықтағанда табайын деп. Малшыны сол уақытта Маса шақты, Оятып, бұл

    Read More

  • Ахмет Байтұрынұлы. Маймыл мен көзілдірік

    Қартайып, нашар көрді Маймыл көзі, Ойлады ем етерге оған өзі. «Көз азса - Көзілдірік емі» деген, Тиетін құлағына жұрттың сөзі. Бес-алты Көзілдірік Маймыл тапты, Біразын құйрығына тізіп, тақты. Қарады бірін иіскеп, бірін жалап, Бір мезгіл

    Read More

  • Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз. E-mail: kazbilim@gmail.com
  • ZERO.KZ HotLog
Top