|  | 

Жаңалық

5 мың әлеуметтік білім гранты: Қай өңірге, қанша бөлінді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бөлінген 5 мың әлеуметтік білім грантын жергілікті атқарушы органдар конкурстық негізде үлестіреді. Бұл үшін облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдерімен конкурстық комиссиялар құрылатын болады.

ҚР Білім және ғылым министрлігінен мәлім еткендей, гранттарға көпбалалы немесе атаулы әлеуметтік
көмек көрсетілетін отбасылардан шыққан балалар үміткер бола алады.

5 мың білім гранты өңірлерге әртүрлі бөлінген. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласына — 165, Алматы қаласына – 190, Шымкент қаласына – 390, Алматы облысына – 540, Ақмола облысына – 390, Ақтөбе облысына – 180, Атырау облысына – 220, ШҚО-ға – 180, Жамбыл облысына – 460, БҚО-ға – 100, Қарағанды облысына – 195, Қостанай облысына – 85, Қызылорда облысына – 390, Маңғыстау облысына – 305, Павлодар облысына – 75, СҚО-ға – 60 және Түркістан облысына 1345 грант бөлініп отыр.

Конкурсқа қатысу үшін 2019 жылғы маусым айында өткізілген ҰБТ-да шекті балл жинау маңызды болып
табылады. «Ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша – кемінде 65 балл, басқа жоғары оқу орындарына – кемінде 50 балл, «педагогикалық ғылым»
бағыты бойынша – кемінде 60 балл жинау керек.

Конкурсқа құжаттар 5 мен 10 тамыз аралығында қабылданады. Білім гранттарын тағайындау және жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызға дейін жүргізіледі», — деді ҚР БҒМ-нан. Грант иегерлерінің
тізімін әкімдік жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайтын болады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • БҚО-да мұғалімнен пара сұраған мектеп директорына сот үкімі шықты

    БҚО-да мұғалімнен пара сұраған мектеп директорына сот үкімі шықты

    Батыс Қазақстан облысында мұғалімді жұмысқа қабылдау үшін пара алған мектеп директорына үкім шықты, бұл туралы Қазақпарат агентігі хабарлады. БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Теректі аудандық соты пара алған мектеп директорына ҚР ҚК 366-бабы 2-бөлігіне сәйкес үкім шығарды. Сотталушыға параның 30 еселенген мөлшерінде, яғни 9 млн теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар ол өмір бойына

  • Қазақстанда жоғары немесе арнайы білімі жоқ 1,7 млн жуық адам жұмыс істейді

    Қазақстанда жоғары немесе арнайы білімі жоқ 1,7 млн жуық адам жұмыс істейді

    Қазақстанда жоғары немесе арнайы білімсіз 1,7 миллионға жуық адам жұмыс істейді. Бұл жөнінде Еңбек ресурстарын дамыту орталығына сілтеме жасап Қазбілім хабарлайды. Еңбек ресурстарын дамыту орталығының сарапшылары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері негізінде демография мен еңбек нарығына талдау жасады. Нәтижесінде, 2019 жылғы 3-ші тоқсанда Қазақстанда ресми жұмыспен қамтылған, яғни ресми экономикада тіркелген, 3,35 миллион

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog