|  |  | 

Оқушы Үздік

1 сыныптың оқушысы шахматтан әлем чемпионатында үздік ондыққа енді

Беларусь Республикасының астанасы Минск қаласында кадеттер арасында жылдам шахмат және блиц бойынша ІІІ әлем чемпионаты өтті, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

«Аталмыш зияткерлік жарыста №8 мектеп-лицейінің 1 «Ә» сынып оқушысы Ахмет Сулейман 8 жасқа дейінгі ер балалар арасында блицте 142-ден алтыншы орынға ие болды. Жаттықтырушы Сергей Мансуровтың жетекшілігімен Сулейман жарты жыл бойы шахматпен айналысады. Осы уақыт ішінде ол бірнеше рет қалалық және облыстық жарыстардың жеңімпазы атанған», — дейді Павлодар обылстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Бақдәулет Нұрмат. 

Бұған дейін ол облыстық білім басқармасы аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылдың желтоқсан айында мектеп жасына дейінгі балалар арасында «Жұлдызды дебют» облыстық турнирінде бірінші орын алған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Павлодарда 7-сынып оқушысы бес тіл меңгерген

    Павлодарда 7-сынып оқушысы бес тіл меңгерген

    Руслан Қуанов қазақ, ағылшын, қытай, орыс және француз тілін толық меңгерген. Дарынды бала — белгілі бір қызметте, салада өзінің жарқын, айқын, керемет жетістіктерімен ерекшеленетін бала. Дәл осындай бала облыстық дарынды балаларға арналған көпсалалы лицей-интернатында оқиды, — деп хабарлады Павлодар облыстық білім басқармасы. – Жетінші «Б» сыныбының оқушысы Руслан Қуанов өзінің туабіткен қабілет-дарынының арқасында жастайынан шет

  • Қарағанды облысында «Жыл мұғалімі» анықталды

    Қарағанды облысында «Жыл мұғалімі» анықталды

    Қарағандыда «Жыл мұғалімі» облыстық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Өңір әкімінің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, байқауға қатысуға облыс бойынша барлығы 34 педагогтан өтінім түскен. Олардың 12-сі ғана финалға өтті. «Жыл мұғалімі» байқауы үш кезеңнен тұрды. Біріншісі аудандар мен қалалар деңгейінде өтті. Келесі кезең — «Мұрагер» облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында, «Дарын» мектеп-интернатында және № 93 гимназияда сабақтар мен сыныптан

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog