|  | 

Жаңалық

Өзге ұлт оқушыларының қазақ тілін білуіне мән беріледі

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өзге ұлт оқушыларының қазақ тілін білуіне мән беру керектігі туралы айтты.

«Өңіріміздегі өзге ұлт оқушыларының мемлекеттік тілді білуі үшін талай шаралар қолға алынуда. Алайда осыған дейін қазақ тілін оқыту әдістемесі тым ауыр болғаны рас. Соның салдарынан оқушылардың көбісі тілді дұрыс үйрене алмай қалды. Осыған орай біз оқыту әдістемесін өзгертіп, барынша жеңілдеттік», – дейді аймақ басшысы қоғамдық кеңес алдындағы есеп беруі кезінде.

Нәтижесінде бүгінде өзге ұлт оқушыларының қазақ тіліне деген қызығушылығы өскен. Тіл үйрететін мұғалімдер де біліктілік арттыруда.

Даниал Ахметовтың айтуынша, бұл мақсаттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • 1 сәуірде Қазақстан мектептері оқушыларға сынама сабақ өткізеді

    1 сәуірде Қазақстан мектептері оқушыларға сынама сабақ өткізеді

    1 сәуірде Қазақстанның барлық мектептері қашықтан оқыту бойынша сынама сабақ өткізеді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлімдеді. «1 сәуірде еліміздің барлық мектептерінде сынама жүргізіп, мұғалімдер балалардың жүйеге қалай қосылғанын тексереді. Бейсенбі күні — 2 сәуірде ата-ана жиналысын өткізіп, жүйеге қосылуды, балалар жұмысын дұрыс ұйымдастыруды үйретеміз», — деді

  • Шалғайдағы ауыл мектептері дәстүрлі форматта білім бере алады

    Шалғайдағы ауыл мектептері дәстүрлі форматта білім бере алады

    Шалғайдағы елді мекендердің оқушылары 4-тоқсанды мектепте оқуға мүмкіндіктері бар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. Бізде шағын жинақталған, әсіресе, шалғайдағы, өте алыстағы елді мекендердегі мектептер бар. Оларда бала саны өте аз. 20, 40, 50 бала білім алады. Бірақ, үлкен мектептер. Осы мектептер бойынша қазіргі уақытта тиісті шешім

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog