|  | 

Ұстаз үні

Ұстаз бойындағы ұлылық…

Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы «Ұлы даланың ұлы есімдері» бөлімінде қазіргі әдебиеттегі, музыка мен театр саласындағы және бейнелеу өнеріндегі ұлы ойшылдар, ақындар және ел билеген тұлғалар бейнесінің маңызды галереясын жасауды қолға алу қажет екендігін ерекше атап өтті.

Осындай айтулы тұлғалар қатарынан аса талантты музы­кант Жәкеев Сапиол­ла Молдаға­лиұлын ерекше атауға бола­ды.  Өмір жолында үлкен жетістіктерге жеткен, еліне аянбай қызмет етіп, артында өшпес із қалдырған Сапиолла Молдаға­лиұлы көзі тірі бол­ғанда, биыл 87 жасқа толар еді.

Сапиолла Молда­ғалиұлы 1931 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Орал қаласындағы музыкалық мектепке жеті жасында қабылданады. Атақты солист А.Брокмиллерден виолончель аспабы бойынша дәріс алады, машықтанады, тәлімін көреді.  Музыкалық мектепті аяқтаған соң, Орал қаласындағы музыкалық колледжге, одан соң қажырлы дайындықтың нәтижесінде Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы консер­ваторияға оқуға түседі. Консерваторияны жақсы аяқтаған талантты музыкант Сапиолла Жәкеевті симфониялық оркестрге жұмысқа шақырады.

Ұлы музыкант Ахмет Жұбанов атындағы республикалық мектеп-интернат ашылып, енді Сапиолла ағай ұстаздық қызметке осында келеді. Ол бұл жерде тек педагог болып қана қоймай, ұзақ жыл музыка бөліміне басшылық жасады. Өз ортасында сыйлы, жұмысына тиянақты ұлы ұстаздың сол ортадан көп шәкірттері түлеп ұшты, қанаттанды. Кенжебай Андарбаев, Нұрлан Далбаев, Кеулімжай Ботабаев, Ернар Мыңтаев, Айжан Құлжанова және  басқа да қазіргі музыка саласының бірталай жұлдыздары  Сапиолла Молдағалиұлы сыныбынан тәлім-тәр­бие алды. Сапиолла Молдағалиұлы алдындағы шәкірттеріне ешқашан ауыр сөз айтып, дауыс көтеруді білмеген дегдар жан еді. Қазақ музыка мәдениетін көтеру жолында және қазақ бала­ларының кәсіби музыкалық білім алуы үшін аянбай еңбек еткен ұстаз А.Жұбанов атындағы музыка мектебі ашылғаннан бастап, осында қырық жыл еңбек етті.

Біртуар азамат тек тамаша музыкант қана емес, жан-жақты энциклопедиялық білімі бар ұстаз еді. Лингвис­тикалық қабілетінің күштілігінен және тілдерді үйренуге деген зор қызығушылығынан неміс тілін жетік меңгерді.

Логикалық ой-өрісті машықтандыратын, адамның мінез-құлқын өзі басқаруды дамытатын  спорт түрі – шахматты да ұстазымыз тамаша ойнайтын. Мектепте шахмат клубын ұйымдас­тырып, шәкірттерінің арасында жиі-жиі сайыстар өткізіп тұратын.

Тәжірибелі ұстаздың қажырлы еңбегінің нәти­жесінде, алғашқы жылдары-ақ оның шәкірттері қалалық, облыстық, республикалық конкурстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Өзінің ұстазынан өнеге-өсиет алған  көптеген шәкірттер республикалық, халықаралық байқаулардың жүлдегері атанды. Қазіргі кезде осы шәкірттерінің біразы музыка саласында басшылық қызметтерде жүр.

Осындай зор еңбегінің арқасында Сапиолла Молда­ғалиұлы Қазақ КСР-ның, КСРО-ның Ха­лыққа білім беру ісінің үздігі белгісімен, «Құрмет белгісі» ор­дені, «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.

Ол өз ортасына сыйлы азамат, музыка сала­сында керемет ұстаз, отбасылық өмірде үлгілі әке бола білді. Үлгілі ұстаз отбасындағы балалары мен немерелерінің де  тәрбиесі мен оқу үлгерімдеріне көп көңіл бөлді.

Қазір ортамызда болмаса да, ол кісінің ерен еңбегі мен тәлім-тәрбиесі, асыл сөздері оның әрбір шәкірті мен ұрпағының жадында мәңгі қалары сөзсіз.

 

М.БҮЙЕНБАЕВ,

 С.Жәкеевтің шәкірті, ұстаз.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Мектеп реформасына деген талап пен сұраныс баланың психологиясына қай деңгейде әсер етуде?

    Мектеп реформасына деген талап пен сұраныс баланың психологиясына қай деңгейде әсер етуде?

    11 жыл бойы бір-бірін суқаны сүймеген сыныптастардың 18 жылдан соң жолыққанда ашылған сыры. Сыныптастар сыры Соңғы жылдары мектеп реформасына деген талап пен сұраныс сан-қилы шарттармен толықтырылып, ұстаздардың санасын шарқ ұрдырды. Дұрыс делік. Бірақ, ең маңызды мәселе – бала жанына не қажеттілігін ескереміз бе? Ақ пен Қара секілді «үздік» пен «орташа», «нашар» ұғымын еңгізген мектеп қабырғасынан

  • Мектеп директоры: Балаңызды ерекше тәрбиелеймін деп, тәкаппар етіп алмаңыз

    Мектеп директоры: Балаңызды ерекше тәрбиелеймін деп, тәкаппар етіп алмаңыз

    Дарынды балалармен жұмыс істеудің ерекшелігі неде? Дайындалып жатқан «Мұғалім мәртебесі» заңы нені өзгертеді? Қазіргі қоғамда бала тәрбиесіне қатысты қандай олқылықтар бар? Математика пәнінің маңызы қандай? Осы және басқа да сұрақтарына Петропавл қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры Нұрғали Рахымұлы жауап берген екен. Біз де өз оқырмандарымызға ҚазАқпарат агентігіне сілтеме жасай отырып жариялауды жөн көрдік.  МҰҒАЛІМ

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog