|  | 

Ұстаз үні

Ұстаздың біліктілігі мен білімі оқу ордасының деңгейін айқындамақ – профессор

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында білім беру сапасын жақсартуға қатысты мәселеге айрықша тоқталды. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры мідетін атқарушы Баршагүл Исабек осылай мәлім етті.

Оның айтуынша білім саласындағы күрделенген мәселенің бірі – қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білім сапасының алшақтап кеткенін алға тартады.

«Мұғалім – мектептің жүрегі» дейтін болсақ, ұстаздың біліктілігі мен білімі оқу ордасының деңгейін айқындамақ. Шалғайда орналасқан ауыл мектептеріндегі кадр тапшылығы, ондағы жағдайдың көңіл көншітпейтіні бұл мәселенің қордалануына алып келіп отыр. Осыған орай ел Президенті «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыруды тапсырды. Үкіметке келесі жылдан бастап осы бағдарламаны қаржыландыруды 20 млрд теңгеге жеткізуді міндеттегені педагогтарды қуантты. Жас мамандарға жасалған жағдай – ел болашағына құйылған инвестиция деп білемін», — дейді Баршагүл Исабек.

Сондай-ақ, университет басшысы Президенттің дарынды ауыл жастарына да ерекше көңіл бөлу қажеттігін ескерткені көңіл қуантатынын айтады. Оның сөзінше жастарды ішінара іріктеп, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына дайындау керек.

«Мемлекет басшысы аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдау үшін Үкіметке дарынды баланың қабілетін дамытудың жол картасын әзірлеуді тапсыруы талай қарагөздерге жарқын болашақ сыйлары сөзсіз. Келер күндерде ел тұтқасын ұстар сол мектеп партасында отырған жас өскіндер екенін ескерсек, бұл бастамалардың барлығы баянды болашақ үшін жасалып отырған игілікті іс болмақ», — дейді ректордың міндетін атқарушы, профессор.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Омар Жәлел: Білім беру жүйесіне Абайды негіз етуіміз керек

    Омар Жәлел: Білім беру жүйесіне Абайды негіз етуіміз керек

    Абайдың махаббатқа негізделген әдістемесі негізінде ұлттық білім беру жүйесін жасайтын кез келді. ҚазАқпарат абайтанушы Омар Жәлелдің ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласына орай жазған пікірін ұсынады. НИЕТІҢ МАЛ ТАБУ БОЛСА – ҒЫЛЫМ ЕСІГІНЕН ҚАРАТПАЙДЫ Абайдың өзі – ғылым. Президент мақаласында «Біз ғылым сатып мал таппақ емеспіз» деп жазыпты. Шынымен де

  • Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев педагог мәртебесі туралы заңға қол қойды.

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев педагог мәртебесі туралы заңға қол қойды.

    «Мемлекет басшысы «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды», — деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, оқушы мен мұғалімге жүктемені төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Бұған дейін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов заңда материалдық ынталандырудың бірнеше тетігі қарастырылғанын

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog