|  | 

Ұрпақ тәрбиесі

Ұрпақты ұлттық негізде тәрбиелесе…

Балаға білім беріп, біліктілігін арттыруда түрлі тәсіл ұстануға болатынын ұстаздар қауымы жан-жақты дәлелдеп келеді. Әр алуан әдіснаманы пайдалана отырып, оқушылардың зейінін ашып, зеректігін оятуда. Шетелдік шеберлердің озат ойлары мен жоғары жобаларын мемлекетіміздің мектептеріне енгізіп, сапалы сабақтарын бастап кеткелі де көп болды.

Жақында Ұлттық академия­лық кітапханада «Педагогтардың кәсіби креативті құзыреттілігін жетілдіруде ұлттық ойындардың рөлі» тақырыбында  қалалық  семи­нар өтті. Түрлі ойлар мен ой­ындардан, тәлімді тренинг, баянды баяндамалар мен сү­белі сұхбат түрінде өрбіген жи­ында №48 «Ақ көгершін» бала­бақшасының эксперименттік  ала­ңының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының кан­дидаты Ақжарқын Бәдел «Мек­тепке дейінгі ұйымдарда оқы­тудың  креативті технологияларын пайдалану» тақырыбында баяндама жасап, педагогтармен «Креативті шеңбер» ойынын ұйымдастырды.

«Бүгінде «креативті педа­гог», «креативті маман» термині жиі қоланылуда. Педагогтың шығармашылық және креа­тивтілік қабілетін дамыту өзекті мәселеге айналды. Креативтілік сөзін ағылшын тілінен аудар­ғанда «create» – тудыру, жасау, шы­ғару дегенді білдіреді. Креа­тивтілік – тұлғаның айрықша идеяларды шығару, ойлаудың дәстүрлі сызбаларынан кете алу, проблемалық жағдаяттарды шеше алу қабілеті. Креативтілік интеллектуалдық қабілеттердің ішінде ерекше тип ретінде бө­лініп шықты. Отандық ғалым Ш.Таубаева: «Креативтілік деге­німіз – жеке шығармашылық әре­кеттің жемісі» деген. Әр пе­дагог өзінің ішкі мәдениетін сөй­леу мен өз ойын жетілдіру ше­­берлігін арттырып отыру керек. Ол үшін кітаптар оқу, өзге­рістер мен жаңалықтардан хабардар болу, өз білімін жетілдіру, жаңаша идеялар мен жаңаша оқыту технологияларын тиімді пайдалану, креативтік технология бойынша ұлттық білім беру моделін жасау, оқытудың стандарт шеңберімен шектелмей, балама бағдарламалар пайдалану, баланың біліміне, қабілетіне, дарындылығына, сұранысына, өнеріне сәйкес деңгейлеп, саралап оқыту, ұлттық тіл, салт-дәстүр, дүниетаным, атакәсіп, ұлттық бай тәжірибе негізінде тәрбиелеу, оқытуды ізгілендіру керек. Мысалы, Сәкен Қасық­байұлы деген азамат «Қазақы жеті ойыншық» жобасын жаса­ған. Ол ойыншықтардың ішінде мыналарды ерекше атап өтуге болады. Біріншісі – «Бөбек домбыра». Бұл кішкентай балалар құрастырып, жинай алатын домбыра. «Керемет үй». Кә­дімгі киіз үй. Оны да бала­лар құрастырып, өздері ойнайды, бөлшектерін айтады. «Ой­ландырар оюлар». Оюлардың түр-түсі құрастырылатын ой­ын. «Әсем үй». Едендегі ою­ла­­ры да құралады, үй де құ­ра­лады. «Саз аспаптары». Ба­ла­лар ұлттық аспаптарды құрас­ты­рады, танысады. «Әуенді бесік». Балалар бесікпен, бесік жырымен танысады. «Астана-Бәй­терек». Елордамен таныстыру, ба­лалардың туған елге, жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Бұл да оқытудың  креативті технологияларын пайдалану болып табылады», дейді Ақжарқын Бәдел.

Шара барысында аталған ба­лабақша меңгерушісі Ұл­жан Әбенқызы семинарға қа­тысушыларды құттықтап, бағ­дарламамен таныстырды. Мә­дениет қайраткері Сара Оразова жетекшілік ететін балабақша балдырғандарынан құрылған хор семинардың шымылдығын ашты. Семинарға Нұр-Сұлтан қаласы  Білім беруді  жаңғырту орталығының бөлім басшысы Ақмоншақ Нұртазақызы «Жаң­­ғыртылған білім беру жағ­дайында ойын түрлерін қолдану ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасады. Балабақша әдіскері Бану Түкенқызы бала денсаулығын нығайтуда ынталандыру технологиясын асықпен кіріктіре қолдану әдістемесін түсіндіріп, балабақша педагогтарына балабақша деңгейінде ұлттық ойындарды ойнатудың жаңа бағыты бойынша шеберлік сынып өткізді.

 

Рауан Қайдар

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Ұрпақ тәрбиесіне жанымыз ашыса

    Ұрпақ тәрбиесіне жанымыз ашыса

    Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы екенін жиі айтамыз. Мен – бүгінгі ұрпақ тәрбиесі, ертеңгі ұлт болашағын қалыптастырумен балабақшада айналысып отырған маманмын. Жақында жүз жылдық мерейтойын атап өткен бас басылым бетінде былтыр шыққан «Жасына жетпей қартайған балдырғандар» атты мақаладағы мәселе мені соңғы уақытта жиі мазалап жүр. Өйткені дәл осы проблема балалармен жұмыс істеу барысында күн сайын

  • Ұрпағы мықтының – ұлысы мықты

    Ұрпағы мықтының – ұлысы мықты

    Байырғы бабалардан бүгінге жеткен: «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дейтін құнды тәмсіл бар. Осы тәмсілді сәл тәпсірлеп көрсек, яғни баланың отбасы ошақ қасында көрген тәрбиесі мен үйренген өнегесі оның өмірлік ұстанымына айналады. Отбасынан әбес қылық көріп өскен бала үлкейгенде соны жасайды. Бұл талас тудырмайтын мәселе. Дана халқымыз «жаста берген тәрбие, жас қайыңды игендей»

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog