|  |  | 

Білім жарысы Жаңалық

ҰБТ: Бір ғана талапкер 140 балл жинай алды

Ұлттық бірыңғай тест тапсырған түлектерден республикалық апелляциялық комиссияға 111 өтініш түсті. Бұл туралы бүгін ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев айтты.

20 маусымнан бастап елімізде ҰБТ басталды. Бүгінгі күнге дейін бес лек өтті. Бүгін тестілеудің алтыншы күні өтіп жатыр.  Тестілеуге өтініш берген 74 365 түлектің 71 227-сі қатысты. Бұл өтініш бергендердің 96 пайызын құрап отыр. Оның ішінде қазақ тілінде — 56684 түлек, орыс тілінде — 14455. Ағылшын тілінде 87 түлек тапсырды. 24 маусым күні ең жоғары нәтиже 140 балл тіркелді. Ол Түркістан облысы Сарыағаш ауданының түлегі — «Алтын белгі» иегері Жұбай Қасымжан Әділжанұлы. Кеше ғана ҰБТ тапсырған болатын», — деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның атап өтуінше, бүгінгі күнге дейін ең көп таңдалып отырған пәндер тізбесінде  физика, математика, биология жән химия бар.

«ҰБТ-ға ерекше білім беру қажеттілігі бар 21 бала қатысты. Оларға арнайы жеке аудитория берілген, арнайы мамандар жұмыс істеді. ҰБТ өткізу технологиясын сақтау мақсатында өңірлерге жіберілген министрлік өкілдері оны қамтасыз етті. Барлық аудитория ұялы телефон сигналдарын басатын құралдармен, бейнекамералармен жабдықталған.  Тестілеу өткізу мерзімінде Ұлттық тестілеу орталығының call-орталығына 546 қоңырау түсті. Олардың көбісі — тамыз айында болатын ҰБТ және жоғары оқу орындарына түсу бойынша сұрақтар. ҰБТ-2019 нәтижелері edu.mail.kz сайтында және телеграм-ботта — edu.gov.kz bot, сонымен қатар ұлттық тестілеу орталығының сайтында — www.testcenter.kz жарияланды. Бүгін сағат 13:00-ге дейін жергілікті жерлерде апелляциялық комиссия жұмыс істеп жатыр. Республикалық апелляциялық комиссияға жалпы 111 өтініш келіп түсті, оның ішінде 63-і қанағаттандырылды, 81-і қайтарылды», — деді Ә.Тойбаев.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Телефон пайдаланған оқушы ҰБТ-дан шығарылды

    Телефон пайдаланған оқушы ҰБТ-дан шығарылды

    Ақмола облысында сынама ҰБТ кезінде оқушының телефонды пайдаланғаны анықталды. «Ақмола облысында ҰБТ Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, сондай-ақ Степногорск және Есіл қалаларының мектептерінің базасында өткізіледі», -делінген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің хабарламасында. Айта кету керек, барлық аудиториялар мобильді құрылғылардың байланысын сөндіргіштермен және бейнебақылаумен қамтамасыз етілген. Бақылаушылар тестілеу процесін тестілеу

  • Қаңтардағы ҰБТ: Елімізде 95 мыңнан астам түлек тест тапсыруға өтініш берген

    Қаңтардағы ҰБТ: Елімізде 95 мыңнан астам түлек тест тапсыруға өтініш берген

    16-20 қаңтар аралығында ел жастары ұлттық бірыңғай тестілеуден өтіп жатыр, деп хабарлайды Қазбілім порталы Білім және ғылым министрлігінің Telegram парақшасына сілтеме жасап. Ұлттық бірыңғай тестілеу еліміздің барлық аймағындағы 99 тест тапсыру орнында өткізілуде. «ҰБТ-ға қатысу үшін құжат қабылдау 2019 жылғы 1-15 желтоқсанда бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылды. Нәтижесінде 2020 жылғы 16-20 қаңтар аралығында ҰБТ-ға

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog