|  | 

Ұлт діңі

ҚР Президенті: Мектепте домбыра үйрену сабағын енгізу қажет

Мектепте домбыра үйрену сабағын енгізу қажет. Бұл туралы бүгін  Ұлттық Домбыра күніне арналған мерекелік концертте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Бүгін міне барша халық болып, Ұлттық аспаптан шыққан күйдің құдіретін, қуатын сезіндік. «Сарыарқа», «Балбырауын», «Адай», «Әлқиса» күйлері ұлттық рухымызды көтеретін таңғажайып туындылар. Домбыраның пернесінен шыққан күйде халқымыздың  терең тарихы бар. Біз атадан балаға аманат болған асыл мұрамызды сақтап, қадыр тұтуымыз қажет. Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина, Нұрғисалар бастаған күйшілік дәстүрді еліміздің дарынды жастары жалғастырып келеді»,  деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ҚР Президенті: Мектепте домбыра үйрену сабағын енгізу қажет

Қазақстан Президенті  Ұлттық Домбыра мерекесі жас ұрпақтың дәстүрлі өнерге деген құрметін арттыратындығын айрықша атап өтті.

«Бұл рухани жаңғыру жолының негізгі арқауы. Бүгінде ұлттық аспабымыз күллі әлем мойындаған мәдени құндылыққа айналды. Бұл қазақтың қасиетті қара домбырасына берілген әділ баға. «Өнер ұлт келбеті» дейді дана халқымыз. Баршамызға ортақ құндылық домбыраны жан-жақты насихаттап, жас ұрпақтың санасына сіңіру өте маңызды. Домбыра аспабы қайталанбас асыл дүние. Сондықтан мектепте домбыра үйрену сабақтарын енгізу қажетті әрі дұрыс бастама. Себебі қазіргі жаппай жаһандану уақытында халқымызға тән бірегей құндылықтарды жаңғырта беруіміз керек», — деді Мемлекет басшысы.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел халқына жолдаған үндеуінің толық мәтіні

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел халқына жолдаған үндеуінің толық мәтіні

    Құрметті отандастар! Баршаңызға мәлім, қазір бүкіл әлем өте күрделі ахуалды бастан өткеруде. Дүние жүзін коронавирустың таралуы алаңдатып отыр. Бұл індет күннен-күнге ушығып барады. Өкінішке қарай, осы дерт біздің елімізде де тіркелді. Менің кешегі Жарлығыммен бүгін таңғы сағат 08.00-ден бастап Қазақстанның аумағында төтенше жағдай енгізілді. Төтенше жағдай режимі 30 тәулікке созылады. Президент жанынан Мемлекеттік комиссия құрылды.

  • Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы

    «Egemen Qazaqstan» газетінің бүгінгі санында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы жарияланды. «Қазбілім»порталы оқырман назарына мақаланың толық мәтінін ұсынады. ****** Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін арнайы құрылған комиссия дайындық жұмыстарын бастап кетті. Мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog