|  |  | 

Үздік Ұстаз

Қарағанды облысында «Жыл мұғалімі» анықталды

Қарағандыда «Жыл мұғалімі» облыстық байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Өңір әкімінің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, байқауға қатысуға облыс бойынша барлығы 34 педагогтан өтінім түскен. Олардың 12-сі ғана финалға өтті.

«Жыл мұғалімі» байқауы үш кезеңнен тұрды. Біріншісі аудандар мен қалалар деңгейінде өтті. Келесі кезең — «Мұрагер» облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында, «Дарын» мектеп-интернатында және № 93 гимназияда сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларды өткізу болды. Қорытынды кезең көпшілік алдында сөз сөйлеу түрінде ұйымдастырылды және ол да бірнеше турдан тұрды. Алдымен, қатысушылар өздерін таныстырып, «ашық микрофон» байқауында ұсынылған тақырыптар бойынша ой бөлісті, содан кейін педагогикалық жағдайды талдады.

 

Байқау жеңімпаздарын марапаттау Қарағанды қаласындағы Достық үйінде өтті.

Бас жүлдені және «Жыл мұғалімі» атағын Балқаш қаласының №10 мектеп-балабақша кешенінің оқытушысы Олжас Сауриков жеңіп алды. Бірінші орынды № 97 гимназияның тарих пәні мұғалімі Олег Те алды. Екінші орынды облыстық тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған мектеп-интернаттың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы Гүлнұр Қалиева иеленді. Үшінші орын Саран қаласының №2 мектеп-балабақша кешенінің ағылшын тілі мұғалімі Дарья Хохловаға бұйырды.

Барлығына дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Сондай-ақ «Үздік сабақ» номинациясы бойынша №8 гимназияның химия пәнінің мұғалімі Гүлнәр Бимендина жеңімпаз атанды.

«Үздік сыныптан тыс шара» номинациясында Шет ауданынан Ербол Қызылов озат болды. Ербол Қазылов Ж. Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясында тарих пәнінен сабақ береді.

«Үздік үй тапсырмасы» аталымының марапаты Сәтбаев қаласының педагогы Меруерт Әбішеваға берілді. Ол Абай атындағы №2 орта мектепте ағылшын тілін оқытады.

«Көрермендер көзайымы» номинациясында Бұқар жырау ауданы Үштөбе орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ботагөз Алина жеңімпаз атанды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Павлодарда 7-сынып оқушысы бес тіл меңгерген

    Павлодарда 7-сынып оқушысы бес тіл меңгерген

    Руслан Қуанов қазақ, ағылшын, қытай, орыс және француз тілін толық меңгерген. Дарынды бала — белгілі бір қызметте, салада өзінің жарқын, айқын, керемет жетістіктерімен ерекшеленетін бала. Дәл осындай бала облыстық дарынды балаларға арналған көпсалалы лицей-интернатында оқиды, — деп хабарлады Павлодар облыстық білім басқармасы. – Жетінші «Б» сыныбының оқушысы Руслан Қуанов өзінің туабіткен қабілет-дарынының арқасында жастайынан шет

  • Елбасы қорында Қазақстанның үздік оқушылары марапатталды

    Елбасы қорында Қазақстанның үздік оқушылары марапатталды

    Бүгін Назарбаев орталығында ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы қорының «Ел үміті» жобасының белсенді қатысушылары — республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына құрмет көрсетілді. «Ел үміті» — Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған қордың жаңа жобасы. Жоба еліміздің дарынды балалары мен жастарын іздеп-тауып, оларды қолдап, ғылыми және шығармашылық белсенділігін ынталандыруға бағытталған. «Ел мақтанышы» сыйлығы аталған

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog