|  | 

Ұрпақ тәрбиесі

Қазақ баласын үш-ақ ауыз сөзбен тәрбиелеген…

Ұрпағымның ұяты болсын, — деген атам қазақ бала тәрбиесін басқадан биік қойғаны белгілі. Ұятсыз немесе жүгенсіз деген сөзге қалмас үшінде қызды қырық үйден тиыу керектігін ұрпаққа ұлағат еткен. Ондайларды көрсе аяғын етік қыспаған, аузын шеше қыспаған, — деп қыз тәрбиесіне ана рөлінде баса айтқан емеспе еді.
Жүйелесек, қазақ баласын үш-ақ ауыз сөзбен тәрбиелеген, жақсыдан үйрентіп, жаманнан жирентіп отырған.
Оның алғашқысы: ұят болады.
Екіншісі: жаман болады.
Үшіншісі: обал болады.
Ұят болады дегені – өлімнен ұят күшті, ұятты істі істеме дегені; жаным арымның садағасы дегені еді;
Жаман болады дегені – жақсы сөз жарым ырыс, жамандықтан аулақ жүр дегені; жақсының шарапаты, жаманның кесапаты тиеді деген еді;
Обал болады дегені – әр нәрсенің сұрауы бар, саған түкке тұрғысыз болған бір нәрсе басқа біреуге өте қымбат болуы мүмкін дегені, ешкімге көлеңкең түспесін дегені еді.
Жаман боладыға жақындамай, ұят боладыға ұрынбай, обал болады дегенге ойлана қарайтын текті ұлт болған едік, бүгінгі күнгі осы үш сөзге тоқтаймыз ба? Ұлт ретінде тоқтамақ үшін де, ақ сақалды қария мен ақ самайлы әжеміз тоқтасын, ұлағатты ел ұрпағына ұғындырмақ керек те.
Сөзге тоқтайтын ұрпақ қазір бар ма? Бұл күні тиым сөздер тиым сала ала ма? Тиым сөздің тияр тұсы көп, жамандықтан құтқарар қауқары көп еді, әттең, құнын түсірмесек.

Аятжан АХМЕТЖАН

kazbilim.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Ұрпағы мықтының – ұлысы мықты

    Ұрпағы мықтының – ұлысы мықты

    Байырғы бабалардан бүгінге жеткен: «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дейтін құнды тәмсіл бар. Осы тәмсілді сәл тәпсірлеп көрсек, яғни баланың отбасы ошақ қасында көрген тәрбиесі мен үйренген өнегесі оның өмірлік ұстанымына айналады. Отбасынан әбес қылық көріп өскен бала үлкейгенде соны жасайды. Бұл талас тудырмайтын мәселе. Дана халқымыз «жаста берген тәрбие, жас қайыңды игендей»

  • Ұрпақты ұлттық негізде тәрбиелесе…

    Ұрпақты ұлттық негізде тәрбиелесе…

    Балаға білім беріп, біліктілігін арттыруда түрлі тәсіл ұстануға болатынын ұстаздар қауымы жан-жақты дәлелдеп келеді. Әр алуан әдіснаманы пайдалана отырып, оқушылардың зейінін ашып, зеректігін оятуда. Шетелдік шеберлердің озат ойлары мен жоғары жобаларын мемлекетіміздің мектептеріне енгізіп, сапалы сабақтарын бастап кеткелі де көп болды. Жақында Ұлттық академия­лық кітапханада «Педагогтардың кәсіби креативті құзыреттілігін жетілдіруде ұлттық ойындардың рөлі» тақырыбында  қалалық 

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog