|  | 

Білім жарысы

Қазақстан оқушылары математика бойынша әлемнің үздік 10 елінің қатарына кірді

Қазақстан оқушыларының математика-жаратылыстану ғылыми сауаты бойынша әлемнің үздік 10 елінің қатарына кірді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Посткеңестік елдерде кадр дайындау жүйесі еңбек нарығының талаптарына сай емес, мемлекеттік реттеу тым артық, ал оқыту негізінен академиялық сипатқа ие» деген пікір бар. Шынымен де, бұл сын әділ. Аталған проблеманы шешу үшін Қазақстан тәуелсіздік жылдарында көптеген әдістерді ой елегінен өткізіп шықты. Бүгінгі күні біздегі білім беру жүйесі біліктілігі жоғары адами капиталды дайындауға тоғыстырылған», — деді министр  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында.

Осы орайда Асхат Аймағамбетов оған ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Болашақ» бағдарламасы жарқын дәлел бола алатынын айтты. Ол бүгінде шамамен 11 мың стипендиат шетелдегі оқуын бітіріп, Қазақстан игілігі үшін жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

«10 жылдың ішінде Қазақстан адами даму индексі бойынша өсім көрсетіп, адами капиталы өте жоғары деңгейдегі елдердің қатарына кірді. Бізде халықтың 100 пайызға жуығы сауатты. Балалардың 95 пайызы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен, ал 100 пайызы мектепте оқумен қамтылған. Оқушыларымыз да бәсекеге қабілетін көрсетіп жүр. Математика-жаратылыстану ғылыми сауаты зерттеуінде балаларымыз прогресс көрсетті. Соңғы өлшемге сәйкес еліміз әлемнің 40 елінің ішінде үздік 10 елдің қатарына кірді», — деді А.Аймағамбетов.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Халықаралық олимпиада Дияр Төленов үшінші жыл қатарынан алтын медаль иеленді

    Халықаралық олимпиада Дияр Төленов үшінші жыл қатарынан алтын медаль иеленді

    Алматыда өткен математика, физика және информатика пәндері бойынша ХVІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасына 21 елден 84 команда жалпы саны 599 оқушы қатысқан. Ал, Назарбаев зияткерлік мектебінің химия-биология бағытындағы 12 сынып оқушысы Дияр Төленов тағы да алтын медальға ие болды. — Біздің Дияр Жәутіков олимпиадасына қатысып, бұған дейін де 2 рет алтын медаль алған еді. Ол өте

  • Білім сапасын анықтайтын ЭЫДҰ PISA-2018 нәтижелерін ресми түрде жариялады

    Білім сапасын анықтайтын ЭЫДҰ PISA-2018 нәтижелерін ресми түрде жариялады

    Бүгін ЭЫДҰ PISA-2018 нәтижелерін ресми түрде жариялады. Бұл туралы министр өзінің ФБ әлеуметтік желісінде жазды. Бұл зерттеу 15 жастағы білім алушылардың оқу, математикалық және жаратылыстану ғылымы сауаттылықтары бойынша дағдыларын бағалайды. Осы бағыттардың біреуі әр 3 жыл сайын негізгі бағыт болып табылады. Бұл берілген сұрақтардың жартысына жуығы белгілі бір бағыт бойынша басым болатынын білдіреді. PISA-2018-де PISA-2009-дағыдай

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog