|  |  | 

Білім жарысы Жаңалық

Қазақстан атынан «Әлемнің үздік мұғалімі» байқауына кімдер қатысатыны белгілі болды

«Әлемнің үздік мұғалімі» сыйлығының іріктеу кезеңіне Қазақстан атынан 11 педагог қатысатын болды, деп хабарлайды Қазақпарат.

«Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қорының құрылтайшысы Әлия Нұрсұлтанқызы «Әлем мұғалімі» сыйлығының іріктеу кезеңіне еліміздің атынан қатысатын 11 педагогтың есімдерін жариялады. Қазақстан педагогтарының жаһандық сыйлыққа қатысуы Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қорының – Халықаралық Варке қайырымдылық қоры («Varkey GEMS Foundation») құрылтайшысы болып табылатын Дүниежүзілік сыйлықтың Қазақстандағы ресми өкілінің қолдауымен мүмкін болып отыр», — делінген Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қоры таратқан ақпаратта.

Үздік кандидаттарды құрамына Білім және ғылым министрлігінің, ата-аналар қауымдастығының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, білім саласындағы тәуелсіз сарапшылар, филантроптар кіретін Тәуелсіз судьялар академиясы PricewaterhouseCoopers халықаралық аудиторлар командасының бақылауымен іріктеп алған.

Нәтижесінде Нұр-Сұлтан қаласының дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының математика пәнінің мұғалімі Гул Муаммер «Қазақстан мұғалімі» Ұлттық премиясының жеңімпазы, Даму қоры бекіткен 4 млн теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықтың иегері және «Жаһандық премияның Қазақстандағы амбассадоры» атанды.

Г.Муаммермен бірге Дубайда 2020 жылдың наурыз айында өтетін, педагогтар үшін Нобель сыйлығының баламасы саналатын «Әлем мұғалімі» жаһандық сыйлығының іріктеу турына қатысу үшін өтінімдері жіберілетін тағы он педагогтың есімдері белгілі болды.

Сонымен, «Әлем мұғалімі» Халықаралық премиясына өтінімдері жіберілетін мұғалімдер мыналар:

1.⠀Албаева Тамара Ғабитқызы — Ақтөбе қаласы №23 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;⠀

2. Әлиева Ләззат Нұрғалыққызы — Нұр-Сұлтан қаласы РФММ филиалының география және жаратылыстану мұғалімі;

3. Базарғалиева Баян Теміржанқызы – Ақтөбе облысының дарынды ер балаларға арналған «Білім инновация» мамандандырылған лицей-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі;⠀

4. Долаев Архат Садырбайұлы – Алматы қаласы РФММ математика мұғалімі

5. Қалмаханова Айгүл Базарбайқызы — Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы Баймырза Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;⠀

6. Мергенбаева Назигүл Оразбайқызы — Алматы қаласы №148 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі;⠀

7. Надирова Гүлсім Кұрманбайқызы — Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Сайөтес ауылындағы «Өтес» орта мектебінің география пәнінің мұғалімі;⠀

8. Орынбеков Арман Шымбайұлы — Шымкент қаласы №90 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі;

9. Тілеулов Ербол Эрнстұлы – Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы НЗМ дене шынықтыру мұғалімі;⠀

10. Жұмабеков Асхат Советханұлы – 2018 жылғы «Үздік педагог» республикалық байқауының жеңімпазы, Халықаралық Варке қоғамдық қорының «Әлем мұғалімі» премиясының іріктеу кезеңіне қатысуға арнайы шақыртуының иегері, Семей қаласы. НЗМ физика және математика мұғалімі.

11. Гул Муаммер — Нұр-Сұлтан қаласының дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының математика пәнінің мұғалімі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Асхат Аймағамбетов білім саласындағы плагиатпен күресетін жүйе туралы айтты

    Асхат Аймағамбетов білім саласындағы плагиатпен күресетін жүйе туралы айтты

    ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім саласында плагиатпен күрес шаралары туралы түсінік берді. Академиялық адалдық, плагиат мәселесі көтерілді. Бұл мәселе бойынша да министрлік тиісті шешім қабылдауда. Turnitin деген ең үздік 15 мың университет қолданатын антиплагиаттық жүйе бар. Сол жүйеге біз биыл ұлттық жазылып, қолданудамыз. Біз нормативтік құжаттарға өгерістер енгіздік. Енді барлық курстық, дипломдық

  • Білім министрі жаңа әліпбиде жазылған оқулықтар қашан шығарылатынын айтты

    Білім министрі жаңа әліпбиде жазылған оқулықтар қашан шығарылатынын айтты

    ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім саласында қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру үрдісі туралы түсініктеме берді. Қанатқақты жобаның мақсаты тиісті нәтиже алуға негізделген. Қазіргі кезде Мәдениет министрлігіне осы бағытта пысықтау шараларын жүргізу туралы тапсырма берілді. Яғни ережелер бекітілгеннен кейін, біз қажетті жұмыстарды іске асырамыз», — деп тоқталды министр. Осы орайда латын графикасындағы

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog