|  | 

Білім жарысы

Қазақстандық оқушылар Батыс Қытай математикалық олимпиадасынан жүлдемен оралды

Қазақстандық оқушылар кезекті Батыс Қытай математикалық олимпиадасынан 4 медаль жеңіп алды. Бұл турады «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы хабарлады.

«2019 жылдың 11-16 тамыз аралығында Қазақстан Республикасының құрама командасы ҚХР-дың Гуйчжоу провинциясы, Цзуньи қаласындағы Батыс Қытай математикалық олимпиадасына қатысты.

Олимпиадаға Сингапур, Филиппин сынды елдерден 212 оқушы (26 команда) қатысты», — делінген ресми хабарламада.

Нәтижесінде, Қазақстан құрама командасы 4 медаль – 2 алтын және 2 күміс жүлде жеңіп алған. Жеңімпаздар арасында Атырау облысы «Білім-инновация» мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Айбек Мырзатаев (алтын), Алматы қаласы «Республикалық физика-математика мектебінің» 11-сынып оқушысы Айдар Әмірин (алтын), Алматы қаласы «Білім-инновация» мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Мирас Нағашыбек (күміс) және елордалық «Республикалық физика-математика мектебінің» 11-сынып оқушысы Санжар Мәжит (күміс) бар.

Жалпы есепте қазақстандық команда 168 ұпай жинаған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Халықаралық олимпиада Дияр Төленов үшінші жыл қатарынан алтын медаль иеленді

    Халықаралық олимпиада Дияр Төленов үшінші жыл қатарынан алтын медаль иеленді

    Алматыда өткен математика, физика және информатика пәндері бойынша ХVІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасына 21 елден 84 команда жалпы саны 599 оқушы қатысқан. Ал, Назарбаев зияткерлік мектебінің химия-биология бағытындағы 12 сынып оқушысы Дияр Төленов тағы да алтын медальға ие болды. — Біздің Дияр Жәутіков олимпиадасына қатысып, бұған дейін де 2 рет алтын медаль алған еді. Ол өте

  • Білім сапасын анықтайтын ЭЫДҰ PISA-2018 нәтижелерін ресми түрде жариялады

    Білім сапасын анықтайтын ЭЫДҰ PISA-2018 нәтижелерін ресми түрде жариялады

    Бүгін ЭЫДҰ PISA-2018 нәтижелерін ресми түрде жариялады. Бұл туралы министр өзінің ФБ әлеуметтік желісінде жазды. Бұл зерттеу 15 жастағы білім алушылардың оқу, математикалық және жаратылыстану ғылымы сауаттылықтары бойынша дағдыларын бағалайды. Осы бағыттардың біреуі әр 3 жыл сайын негізгі бағыт болып табылады. Бұл берілген сұрақтардың жартысына жуығы белгілі бір бағыт бойынша басым болатынын білдіреді. PISA-2018-де PISA-2009-дағыдай

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog