|  | 

Жаңалық

Эльмира Суханбердиева сотта 4 баласы жайлы айтып, көзіне жас алды

Білім және ғылым вице-министрі кінәсін толығымен мойындап, тергеумен келісімге келді

 Елорданың Есіл аудандық № 2 сотында білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваға қатысты алғашқы сот отырысы басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Отырыстың басында судья Бақытжан Есенов сотқа қатысушылардың барлық жеке мәліметін жазып алды.

Эльмира Суханбердиевадан отбасы жайлы сұрағанда ол: «Төрт балам бар. Үлкені 26-да, одан кейінгісі 17-де, біреуі 7-де және кішкентайы 3-те…Үшеуі кәмелетке толмаған», — деді.

Осы кезде вице-министр көз жасына ерік берді. Ал оның қорғаушысы Айгүл Әміренова оған қағаз майлықты ұсынды.

Бұрынғы білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваға қатысты алғашқы сот отырысы
Прокурор Нұрлан Бекмағамбетовтың айтуынша, осы іске қатысты Эльмира Суханбердиева мен Елена Шеверняева өз кінәсін толығымен мойындап, тергеумен процессуалды келісімге келді. Осыған байланысты қылмыстық кодекстің 53-бабы бойынша жазаны жеңілдету қарастырылған.

«Қылмыстық кодекстің 361-бабы, 1-бөлігі бойынша 2 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (6 312 500 теңге) айыппұл салынсын. Оған қоса, белгілі бір қызметтерді атқаруға тыйым салынуы қажет, мүлкі де тәркіленсін», — деді прокурор Бекмағамбетов.

Ал Елена Шеверняеваға прокурор 500 АЕК көлемінде айыппұл салуды ұсынды.

Сот ертең шешім шығарады.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Алтай Көлгінов: Мектеп директорлары мемлекеттік сатып алумен айналысып жүр

    Алтай Көлгінов: Мектеп директорлары мемлекеттік сатып алумен айналысып жүр

    Елордада мектеп директорлары кәсібінен тыс міндеттерден арылады. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов айтып берді. Әкімнің айтуынша, мектепті компьютермен, өзге қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету, құрылыс мәселелері – мемлекеттің міндеті. «Мектеп директорларының міндеті – балаларды оқыту сынды зияткерлік бөлік болуы тиіс. Әркім өз ісімен айналысуы қажет. Біздің директорлар мемлекеттік сатып алумен айналысып жүр. Мұғалімдермен кездесуде «Мектеп

  • Мемлекет басшысы: Мұғалімдер наразылығына таңғалудың қажеті жоқ

    Мемлекет басшысы: Мұғалімдер наразылығына таңғалудың қажеті жоқ

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және ғылым министрлігі мен жергілікті атқарушы органдарға мұғалімдерді қолдау керектігін ескертті. Мұғалім — білім беру жүйесінің негізі. Балаларымыздың білім деңгейі — осы салаға жасалған жағдайға тікелей байланысты болмақ. Сондықтан, мұғалімдердің наразылығына таңғалудың қажеті жоқ», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте. Осы мәселеге байланысты Президент Білім және ғылым

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog