|  |  |  | 

Білім жарысы Мектеп Үздік

Халықаралық Жәутіков олимпиадасында еліміз командасы алғаш рет бас жүлде алды

ХІ халықаралық Жәутіков олимпиадасында респубикалық физика-математикалық мектеп-интернатының командасы жеңімпаз атанды, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда өткен додада олимпиада тарихында бірінші рет респубикалық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының командасы бас жүлдені жеңіп алды.

Марапаттау салтанаты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өтіп жатыр.

5 күн бойы әлемнің 15 елінен келген 58 команда, 391 қатысушы математика, физика және информатика пәндерінен ең үздікті анықтау үшін бақ сынады.

Бірінші орынға — 7 рет Жәутіков олимпиадасының жүлдесін алған ресейлік команда, екінші орынға — армениялық Ереван физика-математикалық мектебі мен болгариялық София математикалық мектебінің командасы,үшінші орынға №31 Челябі математикалық лицейінің командасы, Грузиядан келген №199 Тбилиси мектебінің командасы, Беларусь мемлекеттік университетінің лицейі табан тіреді.

1-орын иелеріне бейнекамера, 2-орын — фотоаппарат, 3-орын ұялы телефондар табыс етілді. Бас жүлде иелеріне ноутбук сыйға тартылды.

Олимпиаданың алтын медальдары 29 қатысушыға, оның ішінде 4 қазақстандық қатысушыға, күміс медалі 60 адамға (19 қазақстандық), қола медалі 87 қатысушыға (50) қатысушыға бұйырды. Жалпы, Қазақстан құрамасы 176 медальді қанжығасына байлады.

Сондай-ақ, 50 қатысушы Назарбаев университеті мен Қазақстан Британ техникалық Университетінің гранттары табыс етілді.

Болашақ ғалымдардың білімін бағалаған халықаралық қазылар алқасының құрамында әлемнің 9 елінің: Қазақстан, Әзербажан, Армения, Ресей, Болгария, Грузия, Беларусь, Украина және Өзбекстан ғалымдары жұмыс жасады. Қазылар алқасының төрағасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Мұтанов Ғалымқайыр Мұтанұлы. Қазылар алқасының тең төрағасы ҚР ҰҒА академигі Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлының айтуынша, биылғы олимпиадаға қатысушылардың да, төрешілердің де білім деңгейі өте жоғары болды.

Білім додасы Алматы қаласы әкімдігінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен жүзеге асырылды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Халықаралық олимпиада Дияр Төленов үшінші жыл қатарынан алтын медаль иеленді

    Халықаралық олимпиада Дияр Төленов үшінші жыл қатарынан алтын медаль иеленді

    Алматыда өткен математика, физика және информатика пәндері бойынша ХVІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасына 21 елден 84 команда жалпы саны 599 оқушы қатысқан. Ал, Назарбаев зияткерлік мектебінің химия-биология бағытындағы 12 сынып оқушысы Дияр Төленов тағы да алтын медальға ие болды. — Біздің Дияр Жәутіков олимпиадасына қатысып, бұған дейін де 2 рет алтын медаль алған еді. Ол өте

  • Павлодарда 7-сынып оқушысы бес тіл меңгерген

    Павлодарда 7-сынып оқушысы бес тіл меңгерген

    Руслан Қуанов қазақ, ағылшын, қытай, орыс және француз тілін толық меңгерген. Дарынды бала — белгілі бір қызметте, салада өзінің жарқын, айқын, керемет жетістіктерімен ерекшеленетін бала. Дәл осындай бала облыстық дарынды балаларға арналған көпсалалы лицей-интернатында оқиды, — деп хабарлады Павлодар облыстық білім басқармасы. – Жетінші «Б» сыныбының оқушысы Руслан Қуанов өзінің туабіткен қабілет-дарынының арқасында жастайынан шет

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog