|  | 

Жаңалық

Түлектердің кешін мектепте өткізу керек — Күләш Шәмшидинова

ҚР Білім және ғылым министрі мектеппен қоштасу кештерін өткізуге қатысты пікір білдірді.

Негізі, бұл мәселе жыл сайын көтеріліп тұрады. Бірақ бұрыннан бері келе жатқан жақсы бір дәстүр бар. Ол — түлектердің кешін мектепте өткізу. Ондайда мұғалім мен оқушы арасында салиқалы әңгімелер айтылады, түлектердің өзара қарым-қатынасы да басқаша жүреді. Өкінішке қарай, соңғы кездері кім және қайда өткізеді, кәдімгідей бәсеке болып кетті. Меніңше, түлектердің кеші бұрынғыдай өтуі керек. Біздің ата-аналарымыз солай өткізді. Біз де мектепте өткіздік. Сонда нағыз мектеппен қоштасу кеші болады«, — деді К.Шәмшидинова Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында.

Министрдің айтуынша, кез келген шарада мектеп те, ата-аналар да балалардың қауіпсіздігіне баса назар аударуы қажет.

«Сол себепті біз ондай кештер тек мектептің территориясында ғана өтуі керек деп санаймын. Артық ақша шашудың да қажеті жоқ. Аста-төк отырыс жасамау керек. Қымбат көйлек алудың да қажеті шамалы. Түлектер кеші ол үшін жасалмайды. Өзара бәсеке үшін жасалмайды. Мектеппен қоштасу кеші жанға жайлы кездесу болып өтуі керек. Балалар, ата-аналар мен мұғалімдердің салиқалы бір отырысы болуы қажет«, — деп атап көрсетті К.Шәмшидинова.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Қуанышты хабар, Шымкенттен QAZBILIM бөлімшесі ашылады.

    Қуанышты хабар, Шымкенттен QAZBILIM бөлімшесі ашылады.

    Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен Түркістан облысы халқы!  4 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан нәтижелі білім ордасы Республикалық «QAZBILIM» орталығының Шымкент қаласы бөлімшесі ашылады. Алғаш 2013 жылы наурызда ұрпақ тәрбиесі мен біліміне үздіксіз үн қосу мақсатында «Қазбілім» порталын (kazbilim.kz) ақпараттық, сараптамалық сайты негізінде, 2016 жылы ақпан айында ұлттық тәрбиені өзек еткен бағдарламалар негізінде өз

  • Елордада биыл 12 мектеп пайдалануға беріледі

    Елордада биыл 12 мектеп пайдалануға беріледі

    Елорда әкімі Алтай Көлгіновтың айтуынша, қазіргі таңда елорда меткептерінде 185 мың бала оқиды. «Көктемде 9 мың бала мектепті аяқтаса, қыркүйек айында 22 мың бала бірінші сыныпқа келді. Ал 14 мектептегі оқушылар шамадан артық болып отыр. Бұл мәселелерді шешу мақсатында 2019 жылы бес мың орынға 6 мектеп салынды. Осы арқылы үш ауысымда оқитын үш мектептің мәселесі

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog