|  | 

Білім жарысы

Семейлік оқушының зерттеу жұмысы Ресейден жүлдемен оралды

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Ришат Еркінбек ХХ бүкілресейлік жоғары сынып оқушыларының байқауынан жүлделі оралды

10-сынып оқушысы «Ғылым мен техникадағы жас зерттеушілер» атты зерттеу жұмыстары байқауына «Желілік эрозия» атты жобасымен қатысты. Ол осы арқылы тиісті сала мамандарының назарын Бородулиха ауданы, Новопокровка ауылындағы жыралардың пайда болуы мен оның қоршаған ортаға тигізетін әсеріне аударғысы келген. Жобаны қорғау үшін оқушы бір жыл бойы зерттеу жүргізген. Екі мәрте Новопокровка ауылына барып, ауылдағы жыралардың жылына 10-40 метр аралығында кеңейіп келе жатқанын аңғарған.

«Бұл өз кезегінде сол ауылдағы ғимараттарға, ағаштарға, құдықтарға кері әсер етіп, оларды қиратады. Одан бөлек, жолдың бүлінуі мен егістік алқаптардың зақымдануына да ықпал етпей қоймайды. Қарап отырсаңыз, табиғатқа, тіпті адам өміріне де қауіп төндіретін жайт. Сондықтан бұған бей-жай қарамауымыз керек. Зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша ғылыми кеңесшім «Семейгидрогеология» ЖШС-нің инженер-гидрогеологы Лариса  Гущина екеуміз жергілікті шаруа қожалықтары басшыларына қауіп пен орасан шығынның алдын-алу туралы ескерттік. Ендігі жұмыс солардың еншісінде», — дейді жас табиғат жанашыры Ришат Мейіржанұлы.

Семейлік оқушының зерттеу жұмысы Ресейден жүлдемен оралды

Ресейдің Томск қаласында өткен конференция-байқауға 300-ден аса оқушы қатысып, түрлі тақырыптарда өз жобасын қорғаған. Соның арасында Ришаттың еңбегі жоғары бағаланып, бірінші орынға ие болды

География пәнін сүйіп оқып, табиғат құбылыстарына қызығатын оқушы жеңіске жетуіне мектептің география пәні мұғалімі Шарипа Таласпаева мен химия пәнінің мұғалімі Жазира Құрмановалардың көп көмегі тигенін атап өтті.

Ришат жеңіске жету арқылы келер жылы Ресей астанасы Мәскеу қаласында өтетін халықаралық В.Вернадский конференциясына шақырту алды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Білім сапасын анықтайтын ЭЫДҰ PISA-2018 нәтижелерін ресми түрде жариялады

    Білім сапасын анықтайтын ЭЫДҰ PISA-2018 нәтижелерін ресми түрде жариялады

    Бүгін ЭЫДҰ PISA-2018 нәтижелерін ресми түрде жариялады. Бұл туралы министр өзінің ФБ әлеуметтік желісінде жазды. Бұл зерттеу 15 жастағы білім алушылардың оқу, математикалық және жаратылыстану ғылымы сауаттылықтары бойынша дағдыларын бағалайды. Осы бағыттардың біреуі әр 3 жыл сайын негізгі бағыт болып табылады. Бұл берілген сұрақтардың жартысына жуығы белгілі бір бағыт бойынша басым болатынын білдіреді. PISA-2018-де PISA-2009-дағыдай

  • «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері анықталды

    «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері анықталды

    «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері анықталды, деп хабарлайды Қазбілім primeminister.kz сілтеме жасап. ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 22 қарашадағы №868 қаулысымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын берілді. Айта кетерлігі, сыйлық жемісті ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін жастарға беріледі. «Эстрада» номинациясы бойынша Әділхан Құрманғалиұлы Макин — Қазақстан Республикасының Мәдениет

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog