|  | 

Білім жарысы

Республикалық Мәшһүр Жүсіп оқулары байқауының жеңімпаздары анықталды — Павлодар

Павлодар қаласында алғаш рет дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатында І республикалық Мәшһүр Жүсіп оқулары өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының бөлім меңгерушісі Дәмелі Саламбекованың айтуынша, конкурсқа 12 облыстан 56 оқушы  қатысқан. Жас өрендер «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген», «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы», «Білімді зерек адам болам!» — десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» атты эссе жазу, «Мәшһүр-Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері» бағыттары бойынша   ұлы баба мұрасынан өз білгендерін, ойға түйгендерін, болашақ қоғамға керек дегендерін ортаға салды.

Республикалық Мәшһүр Жүсіп оқулары байқауының жеңімпаздары анықталды - Павлодар

Қазылар алқасының шешімімен 28 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды. Оның ішінде Павлодар қаласы Ы.Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернатының 11 сынып оқушысы Гүлнар Жанболат, Ы.Алтынсарин атындағы гимназия интернатының 11 сынып оқушысы Райымбек Тұрсынхан, Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы Айдана Қайырбаева бас жүлдегерлер атанды. Сондай-ақ, төрт оқушы І орын, сегізі ІІ орын және 12-сі ІІІ орынға лайық деп танылды. Павлодар облысы білім беру басқармасы бас жүлде иегерлеріне — ұялы телефон, І орынға — POWER BANK, ІІ орынға — «Суретті өнер тарихы» энциклопедиясын, ІІІ орынға «Ғылым жыл өткен сайын» энциклопедиясын сыйлыққа тарту етті. Ерекше көзге түскен оқушы — Ы.Алтынсарин атындағы гимназия интернатының 11 сынып оқушысы Райымбек Тұрсынханға С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің оқу грантын табыс етті. Республикалық конкурсты ұйымдастыру комитеті барлық қатысушыларға сертификат, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірбаяны туралы жинақ-кітапша сыйға тартып, Павлодар облысының көрікті жеріне саяхат жүргізілді.

 

Бас жүлдегерлерді дайындаған мұғалімдер Ы.Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернатының мұғалімдері Асхат Тұрғанбек, Райгүл Мұхаметжанова, Қызылорда облысы Қызылорда қаласының № 274 орта мектебінің мұғалімі Марихан Демеуова және Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Назаргүл Ахметжанованы Павлодар облысы тілдерді дамыту басқармасының басшысы Сәуле Османова алғыс хатпен және «Әлихан Бөкейхан» энциклопедиясымен марапаттады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Халықаралық олимпиада Дияр Төленов үшінші жыл қатарынан алтын медаль иеленді

    Халықаралық олимпиада Дияр Төленов үшінші жыл қатарынан алтын медаль иеленді

    Алматыда өткен математика, физика және информатика пәндері бойынша ХVІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасына 21 елден 84 команда жалпы саны 599 оқушы қатысқан. Ал, Назарбаев зияткерлік мектебінің химия-биология бағытындағы 12 сынып оқушысы Дияр Төленов тағы да алтын медальға ие болды. — Біздің Дияр Жәутіков олимпиадасына қатысып, бұған дейін де 2 рет алтын медаль алған еді. Ол өте

  • Білім сапасын анықтайтын ЭЫДҰ PISA-2018 нәтижелерін ресми түрде жариялады

    Білім сапасын анықтайтын ЭЫДҰ PISA-2018 нәтижелерін ресми түрде жариялады

    Бүгін ЭЫДҰ PISA-2018 нәтижелерін ресми түрде жариялады. Бұл туралы министр өзінің ФБ әлеуметтік желісінде жазды. Бұл зерттеу 15 жастағы білім алушылардың оқу, математикалық және жаратылыстану ғылымы сауаттылықтары бойынша дағдыларын бағалайды. Осы бағыттардың біреуі әр 3 жыл сайын негізгі бағыт болып табылады. Бұл берілген сұрақтардың жартысына жуығы белгілі бір бағыт бойынша басым болатынын білдіреді. PISA-2018-де PISA-2009-дағыдай

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog