|  | 

Жаңалық

Ректорларды конкурстық негізде іріктеген дұрыс – Білім министрі

Ұлттық университет ректорларын конкурстық негізде іріктеу дер кезінді әрі дұрыс жасалып отырған шара. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті.

«Осы бүгінгі баспасөз мәслихатына келе жатқан жолда әлеуметтік желілерді шолып шықтым. Бұл ретте аталған бастамаға қоғам реакциясы өте позитивті екенін байқадым. Жазылған пікірлердің басым бөлігінде тұрғындардың, ұстаздар мен ЖОО басшылығының ұстанымы позитивті. Жалпы, конкурстық іріктеу шешімді қабылдаудың ашықтығын, бәсекелестікті қамтиды. Сондықтан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біз тиісті құжаттарды дайындаймыз», — деді Білім және ғылым министрі.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовты қабылдады. «ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке ұлттық университеттердің ректорларын конкурстық негізде Үкімет қаулысымен тағайындау жөнінде нормативтік құжаттар әзірлеуді тапсырдым. Қазіргі ректорларды Президент жарлығымен тағайындау процедурасы күшін жояды», — деп
жазды Мемлекет басшысы.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Телефон пайдаланған оқушы ҰБТ-дан шығарылды

    Телефон пайдаланған оқушы ҰБТ-дан шығарылды

    Ақмола облысында сынама ҰБТ кезінде оқушының телефонды пайдаланғаны анықталды. «Ақмола облысында ҰБТ Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, сондай-ақ Степногорск және Есіл қалаларының мектептерінің базасында өткізіледі», -делінген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің хабарламасында. Айта кету керек, барлық аудиториялар мобильді құрылғылардың байланысын сөндіргіштермен және бейнебақылаумен қамтамасыз етілген. Бақылаушылар тестілеу процесін тестілеу

  • Қаңтардағы ҰБТ: Елімізде 95 мыңнан астам түлек тест тапсыруға өтініш берген

    Қаңтардағы ҰБТ: Елімізде 95 мыңнан астам түлек тест тапсыруға өтініш берген

    16-20 қаңтар аралығында ел жастары ұлттық бірыңғай тестілеуден өтіп жатыр, деп хабарлайды Қазбілім порталы Білім және ғылым министрлігінің Telegram парақшасына сілтеме жасап. Ұлттық бірыңғай тестілеу еліміздің барлық аймағындағы 99 тест тапсыру орнында өткізілуде. «ҰБТ-ға қатысу үшін құжат қабылдау 2019 жылғы 1-15 желтоқсанда бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылды. Нәтижесінде 2020 жылғы 16-20 қаңтар аралығында ҰБТ-ға

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog