|  | 

Керекті кеңес

Педагог мәртебесі туралы заңның орындалуы қазақстандықтарға тікелей байланысты — сарапшы

Қазақстан білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы төрағасының кеңесшісі Майра Амантаева жаңадан қабылданған «Педагог мәртебесі туралы» заңына пікір білдірді.

Оның айтуынша, бұл заң халық, әсіресе білім саласы қызметкерлері көптен күткен шешімдердің бірі болатын. Қазақстан білім саласының кәсіподақтары да бірнеше рет педагогтердің мәртебесі, лайықты жалақысы мәселесін Үкімет мүшелерінің, депутаттардың алдына талай қойған.

«2019 жыл соңында Президентіміз осы заңға қол қойды және заң 10 күн өткен соң күшіне енеді. Әрине, бұл заң бірден мұғалімнің мәртебесін көтере салады деген сөз емес. Жалпы кез келген ҚР заңының орындалу-орындалмауы, өз дәрежесінде болуы Қазақстанның әрбір азаматының іс-әрекетіне байланысты. Екіншіден, мұғалімнің сол заңды қалай қолдануына байланысты болмақ. Ата-аналар қауымы, жергілікті атқару билігі, партиялар мен қоғамдық ұйымдар ұстаз мәртебесін көтерілуі – ел мәртебесінің көтерілуі деп қараса, әрине заң өз нәтижесін береді», — деді М. Амантаева ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Аталған заң бойынша, 2020-шы жылы жалақыны 25 пайызға арттырып, 4 жылда еңбекақыны екі есе көбейту жоспарланған.

«Кәсіподақ көшбасшысы ретінде мұғалімдер жалақысын жылма-жыл көтеру мәселесін біңрнеше жылдан бері көтеріп келдік. Енді алдағы 4 жылда еңбекақыны кезең-кезеңімен екі есе арттыру ұсынысы көкейге қонады. Заңдағы тағы бір жаңалық – педагогтердің біліктілік санаты үшін 30-50 пайыз үстемеақы төлеу, оларды өз міндетіне жатпайтын жұмыстардан қорғау. Жасырын емес, елімізде болып жатқан көптеген жиындарға, сайлауға әр уақытта мұғалімдер жұмсалатын. Сондықтан, мұғалімдер театрларды толтыру, коцерттік залды толтыру, көше сыпырудан арылды. Бұл бап бұрынғы заңда да бар еді, бірақ мұғалімді міндетінен тыс жұмысқа жеккендерге жауапкершілік көрсетілмеген еді. Енді мұғалімді жұмсағысы келген билік өкілдеріне қолданатын шаралар заңда арнайы көрсетілген», — деді Майра Амантаева.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Асхат Аймағамбетов жазғы каникулды қысқарту мәселесіне пікір білдірді

    Асхат Аймағамбетов жазғы каникулды қысқарту мәселесіне пікір білдірді

    ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жазғы каникулды қысқарту мен ҰБТ өткізу мерзімі туралы түсініктеме берді. Тоқсандық демалысқа бір апта ерте шығу оқу жылын ұзартуды қажет етпейді. Қазіргі уақытта мұндай мәселе қарастырылып жатқан жоқ. Жазғы каникулды қысқарту да жоспарымызда жоқ. Алдағы уақытта күтпеген оқиғалар болып жатса, ойлануымыз мүмкін. Бірақ, әзірге бұл мәселе көтерілген жоқ»,

  • Асхат Аймағамбетов компьютері жоқ балалардың проблемасын қалай шешпек

    Асхат Аймағамбетов компьютері жоқ балалардың проблемасын қалай шешпек

    Қазақстанда орта мектептерде білім алатын 300 мың оқушының компьютері жоқ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. Ауылдағы мектептердің көбінде интернет жоқ десек, ол тек ауылдағы мектептерге қатысты мәселе емес. Біздің кейбір үлкен немесе шағын қалалардың өзінде жалпы техникалық мүмкіндік болғанның өзінде біраз оқушыларымыздың үйлерінде мүлдем компьютер жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog