|  | 

Ұлт діңі

Нұрсұлтан Назарбаев: Бәріміз Қазақстанның игілігі үшін жұмыс істеуге тиіспіз

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының төрағалығымен кеңес өтті, деп ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.

Жиынға ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Кеңсесінің басшысы М.Қасымбеков, ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасының көмекшісі А.Бисембаев, ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Кеңсесінің, сондай-ақ Тұңғыш Президент Қоры мен кітапханасының құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері қатысты.

Жиын барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Кеңсесі қызметіне байланысты ұйымдастыру-құқықтық мәселелердің аяқталғаны жөнінде баяндалды, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Кеңсесіне кадрларды таңдау жұмыстарының нәтижелері туралы ақпарат ұсынылды.
Нұрсұлтан Назарбаев: Бәріміз Қазақстанның игілігі үшін жұмыс істеуге тиіспіз

Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент Кеңсесінің алдына қойылған міндеттердің уақытылы және тиімді орындалуын қамтамасыз ету қажеттілігін атап өтті.

— Мен Тұңғыш Президент — Елбасының тиісті конституциялық заңмен реттелетін міндеттерін атқаруға кірістім. Сонымен қатар, мен Қауіпсіздік Кеңесінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасымын, Nur Otan партиясына басшылық етуді жалғастыра беремін. Алдымызда ауқымды жұмыс тұр. Осы қызметті қамтамасыз ету үшін Тұңғыш Президенттің Кеңсесі құрылды. Ұйымдастыру мәселелерінің барлығы шешілді. Енді бәріміз жүктелген міндеттерді орындауға кірісуіміз керек, — деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетті одан әрі дамыту жөніндегі стратегиялық міндеттерді сапалы шешу мақсатымен ведомствоаралық өзара тиімді ықпалдастық орнатудың қажеттілігін айтты.

— Бүгінде Президент те, Үкімет те мен бекіткен бағдарламалық құжаттарда, Жолдауда қамтылған, сондай-ақ партия съезінде айтылған міндеттерді орындау бағытында жұмыс істеуде. Бәріміз Қазақстанның игілігі үшін, еліміздің тұрақтылығын, бірлігі мен дамуын қамтамасыз ету үшін жұмыс істеуге тиіспіз. Бұл — бәрімізге ортақ міндет, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті қоғамдық маңызы бар бастамаларды жүзеге асырудың маңыздылығына баса мән берді. Бұл ретте, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент қорының талантты жастарға жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған жобаларын іске асырудың өзектілігі атап өтті.

Жиын қорытындысы бойынша Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Тоқаев: Жастардың дамуына жағдай жасау – Президент ретіндегі басты міндеттерімнің бірі

    Тоқаев: Жастардың дамуына жағдай жасау – Президент ретіндегі басты міндеттерімнің бірі

    Жастарымыздың жан-жақты дамуына жағдай жасау – менің Президент ретіндегі басты міндеттерімнің бірі. Бұл туралы бүгін Жастар жылының жабылу және Волонтер жылының ашылу салтанатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Бүгін ұлан байтақ еліміздің түпкір-түпкірінен келген жастар елорда төрінде, Нұр-Сұлтан қаласында, халқымыздың құтты мекенінде бас қосып отыр. Сіздермен Тәуелсіздік күні қарсаңызда жүздесіп отырмыз. Біз үшін бұдан асқан

  • Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының толық мәтіні

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының толық мәтіні

    СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ –ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ   Құрметті отандастар! Құрметті депутаттар, үкімет мүшелері!   Баршаңызды жаңа парламенттік маусымның басталуымен құттықтаймын! Біз еліміздің жаңа тарихындағы маңызды белеске жақындап келеміз. Отыз жылға жуық уақыт бұрын халқымыз өзінің Тәуелсіздігін жариялап, бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындады. Осы уақыт ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен еліміз

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog