|  | 

Керекті кеңес

Мұғалімдердің жалақысын көтермей, білім жүйесін ілгерілете алмаймыз — Мәулен Әшімбаев

Мұғалімдердің жалақысын көтермей, білім жүйесін ілгерілете алмаймыз. Бұл туралы бүгін  «Nur Otan» партиясы  Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл салада шешуіміз қажетті көптеген проблеманың бар екендігін көріп отырмыз. Ең алдымен, бұл — педагогтарымыздың жалақысы. Бүгінде педагогтар әлеуметтік жағынан ең қорғалмаған топ болып отыр. Егер экономика салаларын орташа есеппен алсақ, білім беру саласындағы адамдар ең төмен жалақы алады. Әрине, қандай да бір үстемеақы, қосымша төлем бар. Бірақ, оларды алу үшін үлкен еңбек өтілі және басқа да қандай да бір критерийлер қажет. Сондықтан біз педагогтардың жалақысын біртіндеп, кезең-кезеңімен көбейту мәселесін шешпесек, онда дәл осы жағдайдағы білім  саласын елімізге қажетті кадрларды, біліктілігі жоғары мамандарды дайындау үшін ілгерілету және оны жаңа деңгейге көтеру қиынға соғады», — деді ол «Nur Otan» партиясы алаңындағы «2016-2019 жылдарға арналған білім беру және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын» талқылау барысында.

Сонымен қатар ол мұғалімдерді дайындау мәселесіндегі кемшіліктерге тоқталды. Жоғары оқу орындарының педагог мамандарды дайындайтын салаларына Ұлттық бірыңғай тестілеуден төмен балл алған талапкерлердің баратындығын айтты.

«Демек, бұл салаға адамдар өз еркімен бармайды деп  айта аламыз. Яғни, адамдар өзге мамандыққа түсе алмағаннан кейін педагогиканы таңдайды  деген сөз. Әрине, бұл салаға жан қалауымен баратын адамдар да бар шығар. Бірақ, қолдағы деректер ҰБТ-да ең төмен балл алған адамдардың педагогикалық мамандыққа баратындығын көрсетіп отыр», — деді Мәулен Әшімбаев.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • «Балаларымызға фильмдерді ана тілімізде көруіне мүмкіндік беріңіз». Нұротандықтар Мәдениет министріне үндеу тастады

    «Балаларымызға фильмдерді ана тілімізде көруіне мүмкіндік беріңіз». Нұротандықтар Мәдениет министріне үндеу тастады

    «Nur Otan»-ның Орталық аппаратында еліміздегі жетекші партияның жанынан құрылған «Мирас» республикалық қоғамдық кеңесінің отандық кинематографияның өзекті мәселелерін талқылауға арналған басқосуы өтті. Парламент депутаттары, отандық телеарналардың жетекшілері, кино саласының мамандары, танымал блогерлер мен зиялы қауым қатысқан Қоғамдық кеңес мәжілісінде кино саласындағы елді толғандырып жүрген келеңсіздіктер айтылып, оны шешудің жолдары ұсынылды. Парламент Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан, Астана

  • «Омбы қазақтары» мектептерге қазақ тілі пәнін қайтаруға талпынып жатыр

    «Омбы қазақтары» мектептерге қазақ тілі пәнін қайтаруға талпынып жатыр

    Солтүстіктегі көрші мемлекеттің миллион тұрғыны бар қалаларының қатарына кіретін Омбы шаһарында «Омбы қазақтары» газеті шығады. Одан бөлек, қазақ ізін іздесеңіз, Шоқан Уәлиханов пен Сәкен Сейфуллин атындағы көшемен серуендеп, Шоқан мен суретші Амангелді Шәкеновтің ескерткішіне барып қайтуыңызға болады. Ресейдің Омбы облысында 100 мың қазақ бар. Оның тең жартысы қаланың өзінде тұрады. Бізбен әңгімелескен «Омбы қазақтары» қоғамдық

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog