|  | 

Жаңалық

«Мен қазақпын»: Павлодар оқушыларының челленджі әлеуметтік желіні дүр сілкіндірді

Павлодар қаласының орта мектептері арасында еліміздің Тәуелсіздік мерекесіне орай ерекше челлендж басталды.

Абзал Қабдраш есімді азаматтың Facebook-тегі парақшасында жариялаған видеодан мектеп оқушыларының елімізде хитке айналған Қуандық Рақымның «Мен қазақпын» әнін қосыла шырқағанын көруге болады.

«Павлодар қаласының №25 жалпы орта білім беру мектебі Тәуелсіздік мерекесіне арналған челленджді «Жебе» және «Қағандық» қоғамдық бірлестігінен қабыл алып, №19 жалпы орта білім беру мектебіне жолдайды», — деді оқушылар әнді шырқамастан бұрын мектеп ұстаздарының бірі.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде жарияланғанына тәулік болмса да бұл видеоны 10 мыңнан астам адам тамашалап, оның 400-ден астамы лүпіл басқан. Бөліскен адамдардың қатары 600-ге жуықтайды. Пікір жазушылардың да легі қалың.

«Бұл мектептің директоры да мықты патриот адам! Оның шәкірттері де сөзсіз елін сүйер, рухта болары һақ!!!», — деп пікір қалдырады Айна Кәрімова есімді желі қолданушы.

«Тәуелсіз елдің болашағы осылар аман болсын!!! Керемет!», — деді Еркеғали Жанғазы есімді азамат.

Естеріңізде болса, Қуандық Рақымның «Мен қазақпын» әнін 2018 жылдың 7 мамырында Қарулы күштердің 3 мың сарбазы жауынгерлік парад кезінде шырқаған еді шыққан еді.

Бұл туындының сөзін ақын Нұржан Өмірбай, ал әнін Жарасхан Төлебай есімді жас композитор жазған. Ән авторы Жарасқан Төлебайдың айтуынша, «Мен қазақпын» әні кейінгі буын өкілдерінің шетел музыкасына еліктеуі өршіп бара жатқан уақытта, елдің рухын оятатын қазақ әні жат елдің даңғазасына тойтарыс болсын деген мақсатта туындаған.

«Қазақстан әскері — еліміздің тірегі. Бір мемлекеттің әскері сапта тұрып, «Мен қазақпын» әнін шырқап тұрса, әрине бұл мен үшін зор қуаныш, үлкен жетістік», — деді Ж.Төлебай.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Асхат Аймағамбетов білім саласындағы плагиатпен күресетін жүйе туралы айтты

    Асхат Аймағамбетов білім саласындағы плагиатпен күресетін жүйе туралы айтты

    ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім саласында плагиатпен күрес шаралары туралы түсінік берді. Академиялық адалдық, плагиат мәселесі көтерілді. Бұл мәселе бойынша да министрлік тиісті шешім қабылдауда. Turnitin деген ең үздік 15 мың университет қолданатын антиплагиаттық жүйе бар. Сол жүйеге біз биыл ұлттық жазылып, қолданудамыз. Біз нормативтік құжаттарға өгерістер енгіздік. Енді барлық курстық, дипломдық

  • Білім министрі жаңа әліпбиде жазылған оқулықтар қашан шығарылатынын айтты

    Білім министрі жаңа әліпбиде жазылған оқулықтар қашан шығарылатынын айтты

    ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім саласында қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру үрдісі туралы түсініктеме берді. Қанатқақты жобаның мақсаты тиісті нәтиже алуға негізделген. Қазіргі кезде Мәдениет министрлігіне осы бағытта пысықтау шараларын жүргізу туралы тапсырма берілді. Яғни ережелер бекітілгеннен кейін, біз қажетті жұмыстарды іске асырамыз», — деп тоқталды министр. Осы орайда латын графикасындағы

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog