|  | 

Керекті кеңес

Мемлекет басшысы: Диплом сататын ЖОО мәселесі биыл шешіледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев диплом сататын ЖОО-лар туралы айтты.

«Біз мұғалімдердің жалақысын 25 пайызға көтердік. Министрлік білім беру бағдарламасарын жаңартумен, сондай-ақ ЖОО-лардың академиялық дербестігін арттырумен айналысуда. Бизнес пен жұртшылықпен диалог орнатылды. Енді Білім және ғылым министрі мен жергілікті атқарушы органдар осы міндеттерді дұрыс атқаруы тиіс. Қазіргі таңда елімізде білікті ұстаздардың тапшылығы айқын сезіліп отыр. Мамандардың жасы ұлғайған сайын олардың орнын басатын лайықты мұғалімдер жетіспей жатыр. 330 мың мұғалімнің 27 пайызы – зейнет жасын жақындаған немесе жеткен азаматтар», — деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Мемлекет басшысы мұғалімдерді даярлайтын ЖОО-ларда көбінесе үлгерімі нашар түлектер баратынын атап өтті.

«Олардан кәсіби деңгейі төмен мамандардың шығатыны осыдан. Мемлекет тарапынан тиісті өкілеттік берілді. Қажетті ресурс бар. Сондықтан, қалыптасқан жағдайды түбегейлі өзгертуіміз керек. Бізге жаңа талаптарға сай мұғалімдерді даярлайтын Жоғары оқу орындары қажет. Диплом сатып, жоғары білімнің беделін түсіретін жекеменшік оқу орындарынан біржола құтылу керек», — деді ол.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Асхат Аймағамбетов компьютері жоқ балалардың проблемасын қалай шешпек

    Асхат Аймағамбетов компьютері жоқ балалардың проблемасын қалай шешпек

    Қазақстанда орта мектептерде білім алатын 300 мың оқушының компьютері жоқ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. Ауылдағы мектептердің көбінде интернет жоқ десек, ол тек ауылдағы мектептерге қатысты мәселе емес. Біздің кейбір үлкен немесе шағын қалалардың өзінде жалпы техникалық мүмкіндік болғанның өзінде біраз оқушыларымыздың үйлерінде мүлдем компьютер жоқ.

  • Асхат Аймағамбетов қашықтан оқытудың 4 бағытын атады

    Асхат Аймағамбетов қашықтан оқытудың 4 бағытын атады

    Қазақстанда мектептерде білім беру 4 бағытта жүргізілетін болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. Қашықтан оқытуға келер болсақ, ауыл мектептеріне және шалғайдағы шағын жинақты мектептерде оқитын балаларға қиын болады. Сондықтан ең басты назарды осы мәселеге аударып, тиісті жұмысты бастап кеттік. Жұмыс жалпы қалай жүргізіледі деген сауалға жауап

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog