|  | 

Керекті кеңес

Мектеп пен ата-ана қатынасының жаңа форматын қалыптастырамыз — Білім министрі

Елімізде мектеп пен ата-ана қатынасының жаңа форматы қалыптастырылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Ұлы ойшыл әл-Фараби айтқандай, «Тәрбиесіз берілген тәрбие адамзаттың қас жауы«. Сондықтан алғаш рет мемлекеттік бағдарламада тәрбие беру, отбасылық құндылықтарды насихаттау мәселесі бөлек бағыт ретінде қарастырылып отыр. Мектеп пен ата-ана қатынасының жаңа форматын қалыптастырамыз. Құндылықтарға негізделген білім беруді іске асыру, дебаттық қозғалыстарды дамыту, театрға баулу, Жас қыран, Жас ұлан қозғалыстарын ары қарай дамыту барлық білім беру деңгейлерінде жүргізіледі деп ойлаймыз», — деді 2025 жылға дейін Қазақстанда білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын таныстырған министр.

Оның атап өтуінше, оқушылар мен студенттердің спорттық лигаларын құру жоспарланған. Бүгінде бұл көрсеткіш небәрі 30 пайызды ғана құрайды. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыс одан ары белсенді жүргізілмек.

«Ал орта білім бойынша Жолдауда берілген тапсырмаға сәйкес оқулықтарды әзірлеу, сараптау, басып шығарудың жаңа жүйесін енгіземіз. Жаңартылған білім беру мазмұнына көшуді аяқтаймыз. Кезеңдеп 12-жылдық білімге ауысу, критериалды бағалау және оқу бағдарламаларын жетілдіруді қарастырып отырмыз. Инклюзивті білім беру 55 пайыздан артық өсіп, балалардың сапалы білім алуына барлық деңгейде жағдай жасалатын болады», — деді Асхат Аймағамбетов.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Мемлекет басшысы: Диплом сататын ЖОО мәселесі биыл шешіледі

    Мемлекет басшысы: Диплом сататын ЖОО мәселесі биыл шешіледі

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев диплом сататын ЖОО-лар туралы айтты. «Біз мұғалімдердің жалақысын 25 пайызға көтердік. Министрлік білім беру бағдарламасарын жаңартумен, сондай-ақ ЖОО-лардың академиялық дербестігін арттырумен айналысуда. Бизнес пен жұртшылықпен диалог орнатылды. Енді Білім және ғылым министрі мен жергілікті атқарушы органдар осы міндеттерді дұрыс атқаруы тиіс. Қазіргі таңда елімізде білікті ұстаздардың тапшылығы айқын сезіліп отыр. Мамандардың

  • Асхат Аймағамбетов. Ұлттық ғылыми кеңес ережесі мен құрамы қайта қаралды.

    Асхат Аймағамбетов. Ұлттық ғылыми кеңес ережесі мен құрамы қайта қаралды.

    Дәстүр бойынша Жаңа жылдың басы өткен жылды қорытындылап, жаңа міндеттерді іске асыратын уақыт деп есептеймін. Мен ғылым саласы туралы әдейі көп жазған жоқпын, себебі бұл салада жиналып қалған мәселелер өте күрделі, әрі сан қырлы болғандықтан, қабылданатын шешімдерге де қарама-қайшы пікірлер мен көзқарастар әртүрлі болды. Сондықтан, министр лауазымына тағайындалған күннен бастап әрбір мәселені жеке-жеке де, басқа

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog