|  | 

Жаңалық

Мектеп бітірушілерге ҰБТ сертификатымен бірге арнайы ақпараттық парақ беріледі

Ақпараттық парақ арқылы мектеп түлектері өз мамандығы бойынша қанша грант барын, қандай шекті балмен грантқа түсуге болатынын біле алады.

Бұрын мектеп бітірушілер тестілеуді тек маусым айынан бастап тапсырса, биыл түлектер қаңтар және наурыз айынан бастап тапсырды. Сондықтан, осы тестілеуге  оқушыларымыз жақсы психологиялық дайындықпен келіп отыр деп айта аламыз. Қаңтардағы тестілеуге 35 мыңға жуық, ал наурызда 80 мыңдай оқушы қатысты. Осы екі ҰБТ-да жалпы мектеп бітірушілердің 78 пайызы қамтылды. Оның 70 пайызы қазірдің өзінде ақылы негізде оқуға түсе алады», — деді министр Үкімет отырысында.

Асха Аймағамбетовтың айтуына қарағанда, осы оқушылардың грантқа түсем дегендері маусым айында тестілеуге қатысып, өз білімін сынай алады.

«Екіншіден, колледж түлектеріне де жеңілдіктер жасалды. Олар бітірген мамандығы бойынша жоғарғы оқу орындарына ақылы негізде оқуға түсем десе, ҰБТдан босатылып, тек емтихан тапсырады. Үшіншіден, «IELTS» халықаралық сертификаты бар түлектер «шет тілі» пәні бойынша тестілеуден босатылады. Оларға пән бойынша максималды бал (40 бал) автоматты түрде беріледі. ҰБТ-ға қатысушылардың арасында мұндай балалар саны — 708. Төртіншіден, әр бітірушіге ҰБТ сертификатымен бірге арнайы ақпараттық парақ беріледі. Онда мамандықтар тізімі, оған сәйкес бөлінген грант саны, сондай-ақ өткен жылғы грант конкурсының нәтижелері, яғни өту балы көрсетіледі», — деді министр.

Асхат Аймағамбетовтың сөзіне сүйенсек, бұл талапкерлерге болашақ мамандығын дұрыс және алған балл деңгейіне сәйкес таңдауға мүмкіндік береді.

«Бесіншіден, осы жылы грант білім бағдарламаларының топтары бойынша беріледі. Грантқа құжат тапсырғанда талапкер білім бағдарламаларының тобы бойынша өтініш береді. Ал грант жеңіп алғаннан кейін оқу орнын және сол топтың ішіндегі нақты бағдарламаны тандайды. Мысалы, «Ақпараттық технологиялар» тобының ішінде «Информатика», «Ақпараттық жүйелер», «Big data» және тағы басқа нақты білім беру бағдарламасын таңдай алады. Бұл — өте ыңғайлы», — деді Асхат Аймағамбетов.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Алтай Көлгінов: Мектеп директорлары мемлекеттік сатып алумен айналысып жүр

    Алтай Көлгінов: Мектеп директорлары мемлекеттік сатып алумен айналысып жүр

    Елордада мектеп директорлары кәсібінен тыс міндеттерден арылады. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов айтып берді. Әкімнің айтуынша, мектепті компьютермен, өзге қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету, құрылыс мәселелері – мемлекеттің міндеті. «Мектеп директорларының міндеті – балаларды оқыту сынды зияткерлік бөлік болуы тиіс. Әркім өз ісімен айналысуы қажет. Біздің директорлар мемлекеттік сатып алумен айналысып жүр. Мұғалімдермен кездесуде «Мектеп

  • Мемлекет басшысы: Мұғалімдер наразылығына таңғалудың қажеті жоқ

    Мемлекет басшысы: Мұғалімдер наразылығына таңғалудың қажеті жоқ

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және ғылым министрлігі мен жергілікті атқарушы органдарға мұғалімдерді қолдау керектігін ескертті. Мұғалім — білім беру жүйесінің негізі. Балаларымыздың білім деңгейі — осы салаға жасалған жағдайға тікелей байланысты болмақ. Сондықтан, мұғалімдердің наразылығына таңғалудың қажеті жоқ», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте. Осы мәселеге байланысты Президент Білім және ғылым

2 комментария

  1. 2019ж. түлек

    Бізге сертификатпен бірге арнайы ақпараттық парақ бермеді неге?Тек біз емес мен білетін біраз жерлерде берілмеген.Сұрағым жауапсыз қалмайды деп үміттенемін…

  2. Астан Алматы

    Бізге сертификатпен бірге арнайы ақпараттық парақ бермеді неге?Тек біз емес мен білетін біраз жерлерде берілмеген.Сұрағым жауапсыз қалмайды деп үміттенемін…

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog