|  | 

Керекті кеңес

Мектептер қашан бейнебақылаумен толық қамтылады?

Республиканың барлық мектептерін бейнебақылаумен толық қамтуға 1-2 жыл қажет. Елбасы мен Мемлекет басшысы балалардың, әсіресе олардың мектепте болған кездеріндегі қауіпсіздігіне байланысты мәселеге айрықша назар аударады. Біз үшін балалардың мектепте болған кезіндегі қауіпсіздігі ғана маңызды емес. Өздеріңізде білесіздер, балалардың үйде болған кезде терезеден құлап кету жайттары да көп. Сондықта ата-аналар мен мектептің жауапкершілігін күшейту және балаларымызға қауіпсіз жағдай жасау үшін норма қабылданады. Бұл орайда мектептерді бейнебақылаумен 100 пайыз қамту жайында сөз болып отыр», — деді министр.

Оның атап өтуінше, балалардың мектептегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды жүзеге асыру қажет. Сонымен қатар ол республиканың барлық мектептері қай уақытта 100 пайыз бейнебақылаумен қамтылатындығын айтты.

«Мемлекеттік бағдарлама 2025 жылға дейін есептелінген. Бірақ, біз ары кеткенде 1-2 жылдың ішінде осынау кешенді мәселелер шешілуі тиіс деп есептейміз. Бейнебақылау бойынша келесі жылдың соңына дейін жергілікті басқарудың барлық органдары бұл мәселені шешуі тиіс деген міндет қойып отырмыз. Бұл айта қоярлықтай үлкен проблема емес. Балаларды қорғау мен тасымалдауды қамтамасыз ету үшін 2025 жылды күтудің қажеті жоқ», -деді Асхат Аймағамбетов.

Айта кетейік, бүгін Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2025 жылға дейін Қазақстанда білім мен ғылымды дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасын таныстырған еді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Мемлекет басшысы: Диплом сататын ЖОО мәселесі биыл шешіледі

    Мемлекет басшысы: Диплом сататын ЖОО мәселесі биыл шешіледі

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев диплом сататын ЖОО-лар туралы айтты. «Біз мұғалімдердің жалақысын 25 пайызға көтердік. Министрлік білім беру бағдарламасарын жаңартумен, сондай-ақ ЖОО-лардың академиялық дербестігін арттырумен айналысуда. Бизнес пен жұртшылықпен диалог орнатылды. Енді Білім және ғылым министрі мен жергілікті атқарушы органдар осы міндеттерді дұрыс атқаруы тиіс. Қазіргі таңда елімізде білікті ұстаздардың тапшылығы айқын сезіліп отыр. Мамандардың

  • Асхат Аймағамбетов. Ұлттық ғылыми кеңес ережесі мен құрамы қайта қаралды.

    Асхат Аймағамбетов. Ұлттық ғылыми кеңес ережесі мен құрамы қайта қаралды.

    Дәстүр бойынша Жаңа жылдың басы өткен жылды қорытындылап, жаңа міндеттерді іске асыратын уақыт деп есептеймін. Мен ғылым саласы туралы әдейі көп жазған жоқпын, себебі бұл салада жиналып қалған мәселелер өте күрделі, әрі сан қырлы болғандықтан, қабылданатын шешімдерге де қарама-қайшы пікірлер мен көзқарастар әртүрлі болды. Сондықтан, министр лауазымына тағайындалған күннен бастап әрбір мәселені жеке-жеке де, басқа

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog