|  | 

Жаңалық

Мектептердің жартысына жуығы салынғанына 40 жылдан асып кеткен — Асхат Аймағамбетов

Осы мәселеге байланысты Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әкімдіктерден қаржыландыру амалдарын қарастыруды сұрап отыр.

«Биыл 6 678 мектепте ағымдағы жөндеу жүргізілді. Күрделі жөндеуге келетін болсақ, жергілікті атқарушы органдар жыл сайын апаттық мектептердің өсуін туындататын мектептерді жөндеу жұмысын толығымен қаржыландырмайды.

Мектептердің 44 пайызы 1980 жылға дейін салынғанын ескере отырып, әкімдіктерден күрделі жөндеуге тиісті қаржыландыру амалдарын қарастыруын сұраймын», — деді министр Үкімет отырысында. Оның айтуынша, биыл 323 мектепке күрделі жөндеу жүргізіледі. Бұл қажеттіліктің 45 пайызын ғана құрап отыр. «10 тамыздағы жағдайға сүйенетін болсақ, жалпы күрделі жөндеу 129 мектепте аяқталып, 194 мектепте жалғасуда. Ақмола, Алматы, Атырау облыстарында жөндеу жұмыстарының аяқталмай қалу қаупі туындағанымен, Үкімет басшысың тікелей тапсырмасы бойынша бұл мектептерде қосымша жұмысшылар тартылып, олар 2-3 ауысымда жұмысты жалғастырып жатыр.

Жалпы, менің өзім де біраз мектептерді аралап қайттым. Бақылау департаменттері де тексерді. Жалпы, жұмыс қарқыны жақсы. Осы мектептер 1 қыркүйекке дейін жұмыстарын аяқтайды деп есептейміз», — деді Асхат Аймағамбетов.

Еске сала кетсек, бүгінгі Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин өңір әкімдеріне барлық білім беру ұйымдары жұмысты бастауға 100 пайыз дайын болуы керектігін тапсырған болатын.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Бюджет қаржысын жымқырған Доссор мектеп-интернатының директоры сотталды

    Бюджет қаржысын жымқырған Доссор мектеп-интернатының директоры сотталды

    Атырау облысындағы Доссор мектеп-интернатының директоры бюджет қаржысын жымқырды деп айыпталып отыр, деп хабарлайды Қазбілім Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап. Атырау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Шәріпов атындағы Доссор мектеп-интернатының директоры Б.Бұйрашева, шаруашылық мәселелері жөніндегі директор орынбасары Г.Күбиева мен сол мемлекеттік мекеменің бас есепшісі Б.Файзуллинаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. «Олар бюджет қаражатын жымқырды деген

  • Фатима Жақыпова ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды

    Фатима Жақыпова ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды

    ҚР Үкіметінің Қаулысымен Фатима Надырқызы Жақыпова берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды. Еске сала кетейік, бұған дейін Білім және ғылым вице-министрі Ф.Н. Жақыпова қызметінен кететіні жайлы жазған болатынбыз. Еске салсақ, бұған дейін Фатима Жақыпова ғылыми дәреже мен атақты заңсыз тағайындау мәселесі бойынша өзіне

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog